Жас отауларға тілекті сөз

Шаңырақ құрған жастарға тілегіміз,

Алла деп әмин айтып жүрегіміз.

Қос өркен қадамдарың құтты болсын,

Баянды махаббат қой тілегіміз.

Қос аққу құтты болсын қадамдарың,

Өрісті өкпесіз боп замандарың.

Ата-ана қуанышқа көңіл толды,

Отау боп шаңырақ құрып тарағаның.

Бақытты болыңдаршы жаңа талап,

Кереге, шаңыраққа уық қадап.

Әке-ана отауына риза болсын,

Көңілдері дауаласын нұрға қарап.

Өмірлік бір-біріне серіктерім,

Қосылып шаңырақ құрған көріктерің.

Көрген жан құтты болсын тілек айттық,

Баянды махаббатқа беріктерің.

Ұяда өсіп-өнген балапандар,

Ұшуға қанат қағып жарағандар.

Ұл мен қыз қол ұстасып шаңырақ құрды,

Өздерін азаматпыз деп санағандар.

Баянды махаббатың берік болсын,

Көңілің дауалайтын көрік болсын.

Тілегі ата-ененің қабыл болып,

Махшарлық бір-біріне серік болсын.

Ғашық боп сүйіп—күйіп қосылған жар,

Аспанның жұлдызындай жарқырандар.

Ата-ана сәулетіңе риза болсын,

Басқа да сипатыңа болсын іңкәр.

Тілекті сөзім арнаған,

Шәрбатты көңіл қалмаған.

Бақытты болсын жас отау,

Арманыңа жетсін аңсаған.

Балапан өссін балдырған,

Қуанып көңіл жаңғырған.

Өмір жолы өркендеу,

Ата-ене мейірін қандырған.

Ғұмырларын Тәңірім ұзақ қыл,

Махаббат отын шырақ қыл.

Ірге тасын отаудың,

Ақ орда ғып тұрақ қыл.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *