Жас отауларға бата

 

 

Қуаныш деген ат қандай,

Ағарып таңың атқандай.

Бақытты болсын жас отау,

Ордаңа шырақ жаққандай.

 

Жарасып тұрған қос аққу,

Серігін іздеп тапқандай.

Өмірде жұбың жазылмай,

Бақытқа бөлен ақ маңдай.

 

Аштыңдар өмірдің есігін,

Махаббат берік сенімін.

Махшарлық жарлар болыңдар,

Үмітін ақтап елінің.

 

Әке мен туған аналар,

Бақытты болсын балалар.

Ұрпағың өніп көркейсін,

Сіздерден мирас таралар.

 

Тойға келген мейманбыз,

Баталы тілек жиғанбыз.

Тойыңыз тойға жалғассын,

Ақ тілекке сыйлан сіз.

 

Отаным гүлдеп дамысын,

Елінің қорғап намысын.

Жас отау тойы көп болсын,

Қазақтың өсу саны үшін.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *