Дәмге бата

«Әмин» десем бата деп,

Кәусәр сөзден ата деп.

Шаңырағыңа құт қонсын,

Айтпас ешкім қате деп.

Ағайын туыс ар болсын,

Кеудеде иман бар болсын.

Адал жанға әрқашан,

Бір Тәңірім жар болсын.

Ағайын туыс елдігі,

Ақ пен қара белгілі.

Кім болсаң да адал бол,

Ақ тілегім сендігі.

Құда мен жолдас құдағи,

Кәусәр көңіл сөзім сый.

Мыңжылдық деген даңқым бар,

Мәңгілік болсын осы сый.

Риза болдық дәміңе,

Ұл-қызың өскен сәніңе.

Нұры жаусын Алланың,

Осы отырған бәріңе.

Әмин

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *