Келіңдерге тағылым

Айтатынсыңдар көп-ау келіндерге,

Мақтайтын жеріде бар тегін көрде.

Кем емес өз қызынан мейірім,

Бойынан ізгіліктің тегін көрде.

 

Келін деген ұрпақ қалар кірпішің,

Болашақтың анасы ғой шын түсін.

Өзімізде сол келіннен тудық қой,

Осы сөзден түсінейік сыншы кім.

 

Өсірген бәйтеректің тамырларын,

Інгәлап сол тамырдан үн шығарын.

Әкелеген ұл мен қызығып ұрпағыңды,

Туады-ау сол келіннен ғалымдарың.

 

Заманда жылдан-жылға талпыныста,

Әсерін тигізеді халқымызға.

Маңызды керектісін сүзіп алып,

Өзіңнің ата тектің салтын ұста.

 

Келіндер ақ отаудың түні ғой,

Ұрпақты өсіретін кіндігі ғой.

Болғанда бүгін келін ертең ене,

Болашақ ақ орданың кіндігі ғой.

 

Бір келін шәупау болса сөгемізде,

Кінәні жиып, теріп төгемізде.

Кемдікті қай қайдағы соған жауып,

Өзіміз тап-таза болып өтеміз бе?

 

Болғанда ене кеме, келін ескек,

Үлгі мен тәрбиені көріп өспек.

Енелер келіндерге мейірім көрсет,

Одағы өз қызындай болып өспек.

 

Ата-ененің қызындай ғой келіндер,

Барған жерін туғандай қып елімдер.

Сондай келін кездессе деп тілейміз,

Бір Аллаға арта берсін сенімдер.

 

Оң көзбенен келіндерге қарайық,

Кем кетігін ақылменен жамайық.

Бірақ күнде жұмақ келіп орнамас,

Жас отаудың ірге тасын қалайық.

 

Мейірімменен үлгі көрсет келінге,

Байсалдылық ұрық болса өзінде.

Зілсіз айтқан ақылды сөз жарасар,

Парасатты үлгі болса өзіңде.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *