Той деген қуаныштың шырағы екен,
Жақсы сөз тілек айту сұрақ екен.
Ән мен күй домбыраның сазын есту,
Көңілге жайлау болған жұмақ екен.
Дархан-ау кең пейілді қазынамыз,
Дастархан дәмге толған тамағыңыз.
Дәм беріп мейман сыйлап құрметтедің,
Әлемге шықсын сіздің атағыңыз.
Қыз ұзат, келін түсір шаңыраққа,
Отау тік, жайлау болсын әр ұрпаққа.
Солардың құрметіне бөлене бер,
Ұқсасын көрген күнің сол жұмаққа.
Тойыңа мейман келсін қиядағы,
Қырықтың бірін Қыдыр де тиянағы.
Бесікте сәбиіңіз іңгәласа,
Талпынған балапаның ұядағы.
Өмірдің бөленіңіз шуағына,
Шалынсын періштенің құлағына.
Алланың пендесіне берері көп,
Тілегім осы болсын сұрағыңа.
Секен шешен