Нартайлақ пен Айсұлуға

 

Мұң зарын ғашықтарға хаттап келген,

Мал мен болған билікті даттап кеткен.

Кедейшілік жігіттің қолын байлап,

Талай ару байдағы малға кеткен.

Талай ару не шалға, не кемге кеткен,

Теңіне қосыла алмай шерменде өткен.

Солардың мұң мен зарын арман қылған,

Сөздері ғалымдардың бізге жеткен.

Сүймесе көңіл толмас жар бола ма,

Адамды қосақтаған мал бола ма.

Адамды айуандық пен малға берген,

Аяғы орны толмас зар болама.

Бұл менің өз ойымнан берген бағам,

Шәкәрім сөз маржанын терген адам.

Қалқаман-Мамыр менен Еңлік–Кебек,

Нартайлақ –Айсұлулар арманы адам.

Жақсының көкрегінде көз болады,

Аңыздан армандаған сөз болады.

Әрқашан арманына жете алмаған,

Алланың тағдырына кез болады.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *