Наурыз бата

 

Уа, наурыз жаңа жылды ала келдің,

Қарсы алып қуанғаннан бата бердім.

Жаңа жыл жаңа табыс көзі болып,

Мерейі өсе берсін туған елдің.

Уа, наурыз қарсы алайық келші бері,

Адамға алтын бесік туған жері.

Қар кетіп көк орайлы алғын шығып,

Адамның жадырасын көңілдері.

Уа, наурыз жадыраған жазбен келші,

Ән мен күй күмбірлеген назбен келші.

Алланың аспанынан нұры жауып,

Иітіп қара жерді ризық берші.

Уа, наурыз құт береке ала келші,

Ұл мен қызға ақылды сана берші.

Перзенті жоқ ананы қамықтырмай,

Мейрімді инабатты бала берші.

Уа, наурыз Сарыарқаға кештеу келдің,

Қарсы алып сондадағы көңіл бөлдім.

Жиылып қанша халық құрметіңе,

Қол жайып ризалықпен бата бердім.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *