Өткеннің жанғырт сөздерін, жаңаның  аш көздерін

 

 

Уа, меймандар-меймандар,

Өмірден мысал жиғандар.

Атадан қалса асыл сөз,

Халыққа оны сыйландар.

 

Ғалымдар өткен өмірден,

Шықпасын олар көңілден.

Жаңғыртып сөзін айтып жүр,

Сауабы бар деп сеніммен.

 

Өткір тілді ақындар,

Халыққа шырақ жақындар.

Мінінді айтса түзейді

Халқымыз оны мақүлдар.

 

Әнші деген ат қандай

Күміс көмей, жез тандай

Құмарыңды сенің қандырар,

Мамырдың таңы атқандай.

 

Ел намысын кррғаған

Орақ тілді шешендер,

Сөздері мәңгі өлмейді

Ел қорғаны көсемдер.

 

Күмбірлі назды күйшілер,

Домбыра тілін жүргізер,

Көңіліңді сенің ұйытып,

Әуені назын білгізер.

 

Ел қорғаны батырлар,

Бірі мыңға татырлар.

Халықүшін жан қиған,

Махшарлық шэйіт атьің бар.

 

Адамда бітпес арман бар,

Баянсыз өмір жалған бар.

Өмірден мысал терсеңіз,

Адалдық жолмен самғаңдар.

 

Дүние алтын сарайда,

Көңілің сенің шар айна.

Шалқытып мәңгі жібермес,

Тағдыр келсе қарай ма.

 

Қалыңыз қалай замандас,

Сыйластықболсын амандас.

Өмірге мейман келгенбіз,

Адалдық жолмен қадам бас.

 

Өмірден орын таптың ба,

Ағайын еяге жақгың ба.

Қиуы қашқан жолдарын,

Мұң қылып досқа шақтың ба.

 

Байлық деген сағымжел,

Оны куып жеттің бе.

Арман, арман, арман деп,

Өмірден енді өттің бе.

 

Екі айналып келмейсің,

Адалдық жолға сенбейсің.

Екі айналып келсең де,

Өткен жолға ермейсің.

 

Өмір өзен ағатын,

Адамзат жайлап жағасын.

Біреу қапа, біреу шат,

Назымен мүңын шағатын.

 

Молдадан тында шариғат,

Асылың теріп сүзіп ал.

Баянсыз өмір түрмайды,

Шынарың сенің бір сынар.

 

Жаратқан бір Тәңірдің пендесіміз,

Өмірден бір өткен соң келмесіміз.

Өмірдің дәмін татып мейман болдық,

Өткен соң екі айналып келмесіміз.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *