Бата тілек

Құдайым берсін сізге бақ пен дәулет,

Ұрпағың өсіп өнсе ол бір дәулет.

Жарың мен құдай қосқан қоса ағарып,

Өмірден көрмей өтші еш бір нәубет.

Есігің мейманыңа болсын ашық,

Төріңде той думан болып шашу шашып.

Адал бол көкірегіңмен әрқашанда,

Болсыншы сондайлардың мерейі асып.

Кең болсын дастарханың мейманыңа,

Бір Алла береке берсін жиғаныңа.

Қол қайыр кем кетікке жәрдемші бол,

Махшарлық сауабы бар иманыңа.

Қол жайған ей әлеумет батамызға,

Бар шығар қыдыр қонған атаңызға.

Пендесін нәсібінен кем қалтырмас,

Бір Алла ризық шашқан баршамызға.

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *