Тілек

Қол жайып әмин десе бата сұрап,

Айтайық жақсы тілек басын құрап.

Деген сөз қырықтың бірі қыдыр деген,

Алладан денге саулық ұрпақ сұрап.

Құт келіп қыдыр қонсын шаңыраққа,

Бақдәулет баянды болып ынтымаққа.

Қыз ұзат, келін түсір той думанды,

Ұқсасын көрген күнің ол жұмаққа.

Жарың да құдай қосқан аман болсын,

Ұл мен қыз бесеу-алтау балаң болсын.

Ағайын құда жекжат тату болып,

Бейбітті жер үстінде заман болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *