Бақ дәулет бағалы сөз батадағы,
Кең пейіл кемеңгерлік атадағы.
Құдайым мал басыңа өркен берсін,
Сауда бер садақаны атадағы.
Ұл өссе қанат жайсын ұядағы,
Қыз өссе өріс болсын қиядағы.
Ұрпағың кіндігіңнен өсіп өнсін,
Көңілдің табылғандай тыянағы.
Құда мен құдағилар тату болсын,
Тең көріп бірін-бірі көңіл толсын.
Ұл-қызың келіндерің инабатты,
Басыңа жарасымды бақыт қонсын.
Ағайын көрші қолаң қоғам болсын,
Баршаға бейбіт өмір заман болсын.
Шалынсын періштенің құлағына,
Батамыз осыменен тәмам болсын.
Секен шешен