Ақ бата бұл көңілдің тиянағы,
Жас келін бір балапан ұядағы.
Ауылына бақыт қонып келін түссе,
Жиылар құда-жекжат қиядағы.
Ата-ене шаттықпен қуанады,
Артында ертең қалар тиянағы.
Жиылып ауыл аймақ шаттық тойға,
Осылай жас шаңырақ құралады.
Құда мен құдағилар тату болсын,
Той-думан қызықтарын шашу болсын.
Ұл-қызды өнегелі тәрбиелеп,
Бастарына баянды бақыт қонсын.
Әумин деп алақанды жаймақтағы,
Мейманнан жақсы бата алмақтағы.
Құда жекжат ағайынды риза қылып,
Үй иесі мәз болып қалмақтағы.
Бата бар рулы елде аймақтағы,
Қария дуалы ауыз жаймақтағы.
Дәм ішкен меймандарың риза болса,
Сөз асылын қалқиды қаймақтағы.
Бір тойса біздің қазақ шала байып,
Өзіне пана болар салмақтағы.
Үйінде отырғанда сені мақтап,
Артынан басқа сөзді сайлап тағы.
Баталы сөз көңілдің төріндегі,
Қартты сыйла кемеңгер еліңдегі.
Дүние түзу келіп түзу кетсең,
Жұмақтың есігі ашық сенімдегі.
Секен шешен