Дәм берсеңіз мейманға,
Ақ батасын аямас.
Қабылдығы Алладан,
Өссін деп сізге мал мен бас.
Саулық айтып деніңе,
Бірлік айтып еліңе.
Дастарханың кең болсын,
Ризық нәсіп кеміме.
Ағайын болсын ауылдас,
Болғандай бол бауырлас.
Бір –біріңмен сыйласып,
Болған жақсы қауымдас.
Кем-кетікке қарасып,
Ақыл мен ойлап санасып.
Үлкеннің тілін кіші алып,
Отырған жақсы жарасып.
Бар адам жоққа қарасып,
Сауабы тиер жанасып.
Тәубәні естен шығарма,
Дүние қума таласып.
Секен шешен