Бата

 

Болсыншы бізден ақ бата,

Келінге қонсын бақ бата.

Ата – енеңе сыйлы бол,

Жүрегің сондай тап-таза.

Шаңырақ құрған ақ отау,

Бақыт құсы қонады -ау.

Армандаған ата-ене,

Қуанышқа тояды –ау.

Қыдыр қонған шаңырақ,

Бақдәулетті шақырады.

Келін түссе оңынан,

Перзент тілеп сағынады.

Ата-ененің тілегі,

Келінжан болсын сергерпек.

Әлдилеп бала тербет деп,

Немере өсіріп ер жет деп.

Өз орнына келінді,

Бәйбіше болу келбет деп.

Осылай біздің батамыз,

Барма жоқ па қатеміз.

Жақсы тілек жастарға,

Әумин деп жатамыз.

*

Әуелгі сөзді алқам деп,

Мейманның көңілі тағам жеп.

Ризықты алла кемітпес,

Баталы сөзді алсаң деп.

Жақсы болсын қосағың,

Отбасында ошағың.

Сыйласып өтсең дүниеден,

Жалғанда көрген жұмағың.

Ордаңның өсіп ұл мен қыз,

Тәрбиелі ұрпақ десек біз.

Үлгі өнеге көрсеткен,

Ата-енені сүйіп құш.

Ешкімге болмай қарызың,

Алланың өтеп парызын.

Мейманды сыйлап құрметтеп,

Сауабы тиер жан үшін.

Ақылды болсын ұлыңыз,

Аллаға тәубә қылыңыз.

Қырықтың бірі қыдыр деп,

Бізде соның біріміз.

Инабатты болсын қызыңыз,

Оғанда тәубә қылыңыз.

Барған жері құтты болып,

Өрісті шаңырақ құрыңыз.

Болмасын шайпау келінің,

Сыйласын қосылған серігін.

Ата-енеңді риза қыл,

Келінжан сауап сен үшін.

Байсалды құда құдағиың,

Өрісті болар көңіл күй.

Бағыңа солар кездессе,

Алладан дерсің сол ол бір сый.

Өсіп өнсін немерең,

Артында бар-ау шөберең.

Одан кейін неменең,

Алланың берері көп екен.

Қыздан туса жиен деп,

Тозақтан қорықа күйем деп.

Одан туса жиеншар,

Қартайсаң болар сарйеу деп.

Батамыз ұрпақ басына,

Ғұмыр берсін Алла жасыңа.

Төрт құбыла түзу болса да,

Тәкәппәр болып тасыма.

Осының бәрін көруге,

Алладан ғұмыр өзіңе.

Қосағыңмен қоса ағар,

Құлақ салып сөзіме.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *