Дайындық керек екен тойымызға,
Әр бір сөз оралады ойымызға.
Деген сөз той домалақ жәй айтпаған,
Шаманы өлшеу керек бойымызға.
Әр тойдың аты жөні аталады,
Иесі мейманынан бата алады.
Қуаныш қай қызықтың мерекесі,
Той деген дәрежемен аталады.
Әншіміз әніменен жадыратқан,
Күйшіміз күйіменен балбыратқан.
Домбыра меймандарға жетекші болып,
Көңілдің жайлауына саяхаттан.
Жан-жақтан айтылады жақсы тілек,
Байқалады мейманынан жылы жүрек.
Сендер де бұндай тойға жетіңдер деп,
Айтады мейманына бұлда тілек.
Соңынан айтылады тойға бата,
Иесі әумин деп ойға бата.
Жақсы сөз, жарым ырыс деген сөз бар,
Сөзіндей еске сақта адам –ата.
Секен шешен