Қабырдың топырағы торқа болсын,
Мәйітке жайлы қоныс орда болсын.
Садақаң көпке берген қабыл болып,
Қабыры мәңгі бақи нұрға толсын.
Мінгені әр дайымда прақ болсын,
Жаққаны қабырына шырақ болсын.
Суәлі періштенің жеңіл болып,
Махшарда көретіні жұмақ болсын.
**
Мәйіттің қабірінде шырақ болсын,
Мінгені әрдайымда прақ болсын.
Суәлі періштенің жеңіл болып,
Досымен сырласқандай сұрақ болсын.
Қарасат майданына жиналғанда,
Мұхаммет қауымынан тұрақ болсын.
Тілегі көпшіліктің қабыл болып,
Махшарда көретұғын жұмақ болсын.
**
Дұғамыз бұл мәйітке қабыл болсын,
Іші нұрлы,қабыры жарық болсын.
Қайырлы алды өзіне, арты бізге,
Наразылық етпейік сабыр болсын.
Суәлін періштенің жаңылдырмай,
Аузына Алла түсіп жарылғасын.
Айтылар жаназада көптен дұға,
Періште әумин десе қабыл болсын.
**
Дұғамыз болсын сауаптан,
Қалтырмас тағдыр санаттан.
Періште суәл алғанда,
Жаңылтпа Алла жауаптан.
**
Иманың болсын серігің,
Пырақ от киген көлігің.
Артыңда қалған ұрпақтар,
Дұға мен басар көңілін.
Мәйітке жолдас иманы,
Тірлікте сауап жиғаны.
Ғибадат етіп тірлікте,
Нәпсімен тілді тиғаны.
**
Қайырлы соңғы орын қара жерсің,
Дұғамыз қабыл болып иман берсін.
Суәлі періштенің жеңіл болып,
Үммәті пайғамбардың куәгерсің.
**
Дұғасын Алла қабыл,
Жатқан жерін жарық.
Кездестір Алла махшарда,
Жылама бауыр сабыр қыл.
Қабыл болсын дұғасы,
Болмасын енді шығасы.
Дұға оқитып дәм берген,
Артында қалған миуасы.
**
Дүниеден дәмі бітіп, қайтқан адам,
Мирасы адам ата, қауа анадан.
Дұғасын көпшіліктің қабыл қылып,
Махшарда кездестірші уа жасаған.
Бір Алла ғұмыр берсін қалғандарға,
Дұға оқытып есіне алғандарға.
Дүниеге келіп-кеткен бір қонақсың,
Бахи қоймас, фаниде қалған бар ма.
Болмасын бір Аллаға наразылық,
Тағдыр келсе өтерміз дара шығып.
Алланың бұйыртқаны осы болар,
Оранып үш қабат бөз ала шығып.
Секен шешен