Батаға мұны арнама, ой түйіні жарнама

 

 

Батаға кұр аузыңды жыбырлатпа,

Дауысыңды қаттырақ айт сыбырлатпа.

Дәмді сөз бір екі ауыз теріп айтшы,

Сөздері бабалардың кұрып қаппа.

 

Ақ таудың кұлаған ба арыстаны,

Шіліктің шықылдайды сауысқаны.

Мәжілісте бір асыл сөз айтылмайды.

Құнарлы ой кұнды сөзді тауысқаны.

 

Талғамы халқымыздың ауып кеткен.

Құнсыз сөз кұнарлы ойды сауып кеткен.

Адалдық-шындықпенен жеңіліп тұр,

Қарамдық зұлымдықпен шауып өскен.

 

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

Тоқсан тоғыз толастан,

Бір дананың сөзі артық.

 

Қазақ қой біздің ортамыз,

Әр кімге жаутаң болғамыз.

Тіліне енді құрт түсті,

Осыны ойлап қорқамыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *