Құрметті дәрежелі кұдаларым
Әмин деп дәмге бата сұрағаның.
Кұданы кұдай косады деп айтады,
Мың жылдық менде Алладан сұрағаным.
Ұл-қызға бақытты өмір тілейікші,
Сыйласып дәмдес болып жүрейікші,
Бөленіп той-қызықтың құрметіне
Тәңірдің жеткізгенін білейікші.
Дәм іштік кұда менен құдағилар,
Жас отау ортамызда бір-ақ үй бар.
Біз үшін ұрпақтарым алтын көпір,
Жеткенше көңіл шіркін болған інкәр.
Жас отау босағасы берік болсын,
Өмірлік бір-біріне серік болсын.
Ұл мен қыз ұрпақтары өсіп-өніп,
Отауы ауылына көрік болсын.
Секен шешен