Неке той -ұлы той болып саналады,
Ұл мен қыз қариялардан бата алады.
Бекітіп отауының ірге тасын,
Ақотау содан кейін аталады.
Бал-дәурен шаңырақтың тойы болсын,
Өмірдің қызығына көңілін толсын.
Алланың бергеніне тәубе келтір,
Бақыт құс әрқашанда сізге қонсын.
Жақсы өмір бір ғанибет күн мен айың,
Берсе егер оны сізге бір қүдайым.
Жүректен жақсы тілек айтылды ғой,
Періште «әмин» десе мен сыйлайын.
Той болса думан-қызық төңіректе,
Ән мен күй жайлау болған көкірекке.
Тойларды қызықтап сіз өтйзіңдер,
Болмасын ағайыннан ешбір өкпе.
Секен шешен