Тойға бата

 

 

Той тарқар, қолыңды жай батамызға,

Құнды сөз, құнарлы ой бар атамызда.

Нұрлы кұн, ашық аспан біз тілейік

Арттағы кейінгі ұрпақ ботамызға.

 

Көрермен тойға келген меймандарым,

Қайырлы болсын дейік жиғандарың.

Алланың баршамызға нұры жаусын,

Кеудеңе болсын дейік имандарың.

 

Ауылым, Ақсу кенті Қазақ алтын,

Қазақтың ұмытпайық ескі салтын.

Тойы көп қазағымның думандатқан,

Қызықпен куанышқа көңіл жарқын.

 

Торқалы той болып тұрсын төңіректе,

Бір Алла ол тілекті қабыл етсе.

Өмірдің қызығына бөленейік,

Тәңірім нұрын құйсын көкірекке.

 

Отаным отбасымен аман болсын,

Бейбітті жер үстінде заман болсын.

Көп ұлтпен отандасқан Қазақстан,

Батамыз осыменен тамам болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *