Батамыз тойыңызға шашу болсын,
Құт қонып, риыздығын тосу болсын.
Айтқаны меймандардың тілекті сөз,
Өмірің әр белестен асу болсын.
Отбасың бірлік болсын жанұяда
Кәусар сөз үлгі-өнеге қарияда.
Ішінен керектісін теріп алшы,
Асыл тас гауһар деген дарияда.
Жан-жарың күдай қосқан алтын діңгек
Мейрімді ұлменен қыз сіздің тілек.
Құт келіп шаңырағына Қыдыр қонсын
Болсыншы оған сізде таза жүрек.
Құттықтап сөз айтамыз тойыңызға,
Кәусар сөз оралады ойымызға.
Шаттықтың кұшағына бөленіңдер,
Алланың нұры жаусын жолыңызға.
Қызұзат, келін түсір кұдаболып,
Келініңіз ізгі болсын, бақыт қонып.
Қызыңыз дабарған жерге құтты болсын,
Құдаңның ордасына Қыдыр қонып.
Тойы көп қазақ біздің ауылымыз
Сый құрмет көрсететін қауымымыз.
Тойына жақсы тілек айтайықшы,
Ол біздің болмаса да бауырымыз.
Секен шешен