Той деген сөздің мағынасы адам баласының өмірде кездесетін қызық қуанышының ең биік сатысы – соны той деп атап кеткен. Тойда адам көрмеген адамын көреді, кездеспеген адаммен кездеседі, естімеген сөзді естиді, тамаққа қалай тойса, қызыққа қуанышқа сондай тояды шама-шырқына қарай құрметке бөленеді. Тойдың ұлылы-кішісі болады заманына қарай, әл-қуатына қарай. Баяғы заманда естуімше тойда палуан күрес, ат жарыс, серке тартыс, ақындар айтысы болады дейді. Бал бармақ күйшілер, жер таңдай әншілер өнер көрсетеді екен. Қазіргі замандағы тойымыз шама шарқына қарай қонақасымен өз әліне қарай өтіп жатыр. Иә сол себепті той домалақ деп атаған болу керек біздің қазақ. Сондай шағын тойдың бірі біздің шаңырағымызда болды. Мен балаларым-келіндерім, күйеу балларым-қыздарым баршасы өздері ақылдасу керек, шамасы тойдың қаржысын өз мойындарына алып, өз қалталарынан шығарып әкеміз бен шешеміздің қосылғандарына 50 жыл деп 1947-1997 жылы 8 шілде күні той жасады. Екеуміз маған қазақша шапан, тақия Қаденге камзол шәлі алып киіндіріп ортаға алып шықты. Біздің көңіліміз қуаныштан жасарып кеткендей болды. Неге десең ұлдарың мен қыздарың, келіндерің мен күйеу балларың, немерелерің, жиендерің баршасы жиылып өзіңді айналып, толғанып құрметтеп сыйлап тұрғанда көңілің қуанғаннан жарылмаса көкке бойың жеткендей болады екенсің.
Аллаға тәубә ризалық етіп балаларыма ақ ниетпен батамды бердім. Содан тойға 150 адам келді, өзіміз отырған маңайымыз түгел кәрі-жасы, құдандалы жақындар, дәмдес болғандар, көңіл жақындар шақырылды. Үш стол сақа адамдар үйде, сегіз стол палаткада отырды. Қонақасы жақсы болды ас сулары, арақ-шараптары мол болды, ішетін адамдарға көңілдегідей болды. Әр той болған соң аздап кәдесі болады ғой соларын таратып, қалталарын беріп, меймандар риза болғандай болып тарады. Видеокамераға тойдың басынан аяғына дейін түсірді. Ауыл адамдары үлкен кілем әкеліпті соған Қаден екуімізді отырғызып суретке түсірді.
Секен шешен