Өмір

 Өмірге баға, көңілге сана

Жақсылар өтсе дүниеден,

Сөзін айтып жүреміз.

Өмірде сыйлас құрбымен,

Әзіл айтып күлерміз.

 

Өмірден кетсе сыйласың

Жан аямас қимасың.

Қолдан келер айла жоқ,

Алланың ісіне ризасың.

 

Тәубе қылсаң барына

Адамдық ықылас арына.

Ізгілік ұрпақ өсірген,

Құдай қосқан жарыңа.

 

Дәм таусылса солғаның,

О дүниелік болғаның.

Қол қайырмен ғибадат,

Сол ғана саған қорғаның.

 

Моллалар айтқан шариғат,

Қарсы болар табиғат.

Нәпсіні тыйып жол бермес,

Адамда болса ар-ұят.

 

Ұнағаның көңілге

Байыптап ұғып түйіп ал.

Шариғат сөзі халалдық,

Адал өтіп дүние сал.

 

Иман деген сөзіміз

Болайық адал өзіміз.

Бүгін бармыз ертең жоқ,

Жетеді оған көзіміз.

 

Дүние деген қу түлкі,

Тұрақсыз өмір жылжулы.

Пайдалы өмір ғибадат,

Шариғат мұны тудырды.

 

 

Жер қойнына барғанда,

Суал  деген сұрақ бар.

Тірлігіңде молладан,

Ұмытпай мұны сұрап қал.

 

Шариғат айтқан бес парыз,

Мойнымызда  ол  қарыз.

Ораза намаз қажылық,

Иман зекет білсек біз.

 

Жақсының сөзін бағала,

Ел жақсысын ағала.

Жел сөз емес айтқаны,

Кейбірің ұста саңана.

 

Күнә қойма санаңа,

Бас пен малың аманда.

Өткенге көз сап ойлашы,

Көрдік қой бұдан жаманда.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *