60 жылдық мерей тойға арнау

 

 

Айтайық тілекті сөз тойыңызға,

Оралсын маржан сөздер ойымызға.

Ұл мен қыз ата-анасын қызықтасын,

Армансыз бұл өмірде болыңыз да.

 

Қайыркен қайырлы өмір 60 жасың,

Қасында аман болсын жан-жолдасың.

Жасай бер жүзге қарай қос бәйтерек,

Алланың қайырлы ғып берген жасың.

 

Тойласаң 60 деген жасыңызды,

Қадірлеп ел сыйласын басыңызды.

Мейманды риза қылып батасын ал,

Халыққа мәшүр қылар атыңызды.

 

Отбасың аман болсын жанұяда,

Кәусар сөз үлгі-өнеге қарияда.

Мейірімді ұл менен қыз өсіп-өнсін,

Гауһар тас болатындай дарияда.

 

Ұл қоныс ордаңызда, қызың өріс,

Құда мен құдағиға төрден қоныс.

Мыңжылдық құдаңменен сыйласып өт,

Қызық пен қуанышта бірге болыс.

 

Болсыншы инабатты келіндерің,

Ұрпақты жалғайтұғын сенімдерің.

Қызығын қос бәйтерек көріндерші,

Шалқысын оған сіздің көңілдерің.

 

Ағайын ел-жұртымыз аман болсын,

Сыйластық бір-біріне қоғам болсын.

Айтқаны бәрінің де тілекті сөз,

Тілегім осыменен тамам болсын.

16.09.2006 жыл

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *