Жеңістің 60-жылдық тойына

 

 

Тойымыз дәрежеяі жеңіс деген,

Адамға бейбітшілік кеңіс деген.

Еліме шуақты күн мэңгі болсын,

Халкыма бұл куаныш тегіс келген.

 

Жеңістің 60 жылдық тойы болсын,

Халықтың куанышқа көңілі толсын.

Бұл күнде егеменді Қазақстан,

Баянды елімізге бакыт қонсын.

 

Отбасың ардагерлер аман болсын,

Бейбітті баршамызға аман болсын.

Тілейік ашық аспан шуақты күн,

Алланың нұры жауған ғалам болсын.

 

Жылында Жеңіс күннің тойын тойлап,

Халқымыз шаттанады күліп ойнап,

Шығарып ардагерлерді төрімізге,

Кейінгі ұрпақгарға үлгі болмақ.

 

Жеңіс  кұніменен кұттықтаймыз,

Еш қашан майдангерді ұмытпаймыз.

Көп ұлтпен отандасқан Қазақстан,

Бірлікпен, ынтымақпен ту ұстаймыз.

 

Майдангер ғұмырларың ұзақ болсын,

Баянды бастарыңа бақыт консын.

Тілейік ашықаспан, шуақты күн,

Ұл-қызың маңайында шырақболсын.

 

Панфилов, Бауыржандай ұлдарымыз

Мәншүкпен Әлиядай қыздарымыз.

Аттарын атай берсек толып жатыр,

Қазақга даңқы шыққан шыңдарымыз.

 

Қазақтан даңқы шыққан батырлар,

Бірі мыңға татылар.

Аттары мәңгі өлмейді,

Риза болып жатындар.

 

Қорғаған елді ұл-қыздар,

Ел қорғаны құндыздар.

Ескерусіз олар калмайды,

Аспанда жарық жұлдыздар.

 

Қазақстан біздің еліміз,

Сарыарқа ғой жеріміз.

Жеңіс күнің тойлайды,

Қазақ алтын кеніміз.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *