Қиялдама

 

Әркім тілек тілейді Алласынан,

Ризық, бақыт, ұрпақ деп жалғасынан.

Қайыр, рақым, ғибадат оны да ойла,

Садақаны сауда бер мал басыңнан.

 

Тірлікті жалған дүние  фәни дейді,

Өлген соң ақыретті бақи дейді.

Ақылмен екеуінің қамын ойла,

Ғибадат, мейірім, рақым жақын дейді.

 

Азыңды қанағат қыл нәпсә тыйып,

Ұқыптап шағын дәулет, шаруа жиып.

Баянды адал еңбек маңдай терің,

Қайыры ұрпағына қалар тиіп.

 

Баянды адал еңбек құт болады,

Табанды маңдай терің сүт болады.

Біреудің зұлымдықпен қақын жесең,

Сұрау бар екі дүниеде жұт болады.

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *