Наурыз

 

Наурыз деп жаңа жылды қарсы аламыз,

Той-думан қуанышпен жар саламыз.

Қызықтап жаңа жылда мерекесін,

Гүлденіп әсем болсын кең даламыз.

Жаңа жыл құтты болсын бар ғаламға,

Ризық нәсіп әкелсін барша жанға.

Халықта қуанышқа шек болмасын,

Ұқсасын көңілдері атқан таңға.

Әрине болсын отанымыз,

Отанды арқау еткен заманымыз.

Жаңа жыл жемісті еңбек ала келсін,

Елбасы ескерсін деп ғамалымыз.

Халыққа еңбек етер кәсіп болсын,

Бала-шаға кәріге нәсіп болсын.

Жаңа жыл жас өркеннің көзін ашып,

Ойын, той, қуанышқа көңіл толсын.

Көп ұлттың басын қосқан отанымыз,

Бірлік пен берік болар заманымыз.

Жаңа-жыл құт береке ала келсін,

Әмин деп қабыл болсын қадамымыз.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *