8 наурыз — әйелдер күніне

 

 

Мерекең кұтты болсын Әйел ана,

Өмірдің көркі болған сіздер дана.

Сегізінші наурызды сізге арнап,

Отаным кұттықтайды жеке дара.

 

Әйел деген бұл өмірдің гүлі ғой,

Қос өркеннің байқап тұрсаң бірі ғой.

Сипатына сөз мәнерін теретін,

Өрнектеген ақындардың жыры ғой.

 

Әйел деген ер жігіттің жары ғой,

Байқап тұрсаң шаңырақтың сәні ғой.

От басының, ордаңыздың ұйтқысы,

Сыйлас болсаң бұл өмірдің сәні ғой.

 

Әйел деген шаңырақтың түндігі,

Ұрпақ болар ұл-қызыңның кіндігі.

Адам Ата, Хауа- Анадан із қалған,

Өмір жолы солай болар шындығы.

 

Әйел деген ер жігіттің жолдасы,

Шаңыраққа кереге-уық қолдасы.

Мереке кұнімен әйелдерді сыйлайық,

Сыйлыққа бөлер отанымның ордасы.

 

Ер әйелге ғашық болып жүретін,

Әйел ерге назды сөзбен күлетін.

Махаббаттың берікгігі ұрпақга,

Бұл өмірдің қызығы деп білетін.

 

Әйел қауым ер адамға жұмақсың

Таза жүрек назды мінез шырақсың.

Әйелсіз үй «үй болды» деп аталмас,

Ақ Ордаға кіндік болған тұрақсың.

 

Құрметті сөз Әйел қауым анаға,

Бала өсіріп, орда ұстаған панаға.

Алтын діңгек сол орданың ұйтқысы,

Жарды сыйлап, жайлау болған данаға.

 

Отбастарың аман болсын әрқашан,

Мерекенің тойын тойлап сырласқан.

Махаббаттың жастық шағын ұмытпа,

Бал-дәуренің өтсе-дағы гүл шашқан.

 

Әйел назын жаза берсең бір дастан,

Әрқашанда ашық болсын нұрлы аспан.

Жарды сыйла, ұрпақты бол, назды бол,

Талай акңін сіздерге арнап жыр жазған.

 

Жас өркен қызғалдақгай қыздарымыз,

Болашақ ана деген сырғалымыз.

Мерекең наурыздағы құтты болсын,

Сіздерге арналады жырларымыз.

 

Гүлденіп, жайнай берсін өмірлерің

Кіршіксіз, жас балауса көңілдерің.

Анадан ұл да туады, қыз боп тудың,

Әулеті Хауа Ананың тегіндегім.

 

Қыз деген қызыл алма бақшадағы,

Адамның көктемдегі жақсы атағы.

Ләзәтті сол атыңа кір келтірме,

Ар-намыс қасиетті сақтадағы.

 

Ата-анаңның оң жақгағы гүлісін,

Болашағың қос аққудың берсін.

Ажарыңа мінезің сай болсыншы

Қолы жетпес көңіл ойдың шыңысын.

 

Қыз деген қызыл гүлсін бақшадағы,

Үлгі алған ата-анадан жақсы атағы.

Мерекеңмен сіздерді құттықтайық,

Нұрлы кұн ашық аспан кұн қабағы.

 

Қыз бұраң бел бұл өмірдің айнасы,

Ажарына көз салмайтын қай кісі.

Махабат мәңгі ертегі деп айтады-ау,

Боз балаға жыр боп өткен қайғысы.

 

Мерекең кұтты болсын қыздар қауым,

Өмірдің гүліболған сіздер қауын.

Тілейік сіздерге арнап бақыт жолын,

Кеудеңе ақыл қонсын асқар тауың.

 

Елдің көркі қыздарым,

Махшарлық болсын жан-жарың.

Сабырлы бол салмақты,

Ақылмен шолып таңдарың.

 

Арайлап атсын тандарың,

Сыйлас болсын жан-жарың.

Махшарлықжармен сыйласбол,

Көрікгі болар жалғаның.

 

Ұрпағың өссін гүлденіп,

Дін ғылымнан нұр теріп.

Екі дуние пайдасы,

Өмірге болар ол серік.

 

Басқа тілді білген жөн,

Өз тіліңді ұмытпа.

Мүпмин болып туған соң,

Көкірегіңді суытпа.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *