Дұға да бара жатыр тойға айналып

 

 

Дұға да бара жатыр тойға айналып,

Ұнамсыз көріністер ойға ойғалып.

Қайғыменен шаттықты қосып алды,

Шариғатқа тұманды жол байланып.

 

Қаралы үй қайғы жұтып, жылап отыр,

Көздерін қанды жаспен бұлар отыр.

Ақылынан адасып жол табылмай,

Жәрдемді бір алладан сұрап отыр.

 

Біреу жылап отырса, біреу күліп,

Осыменен жүрміз-ау өмір сүріп.

Бұйырғаны өмірден сол болды ма?

Жеңсіз көйлек кигізер тесіп алып.

 

Арсыз күлкі билеген заманымыз,

Сырты сұлу, көкірек соқыр адамымыз.

Тойға келген тойшыдай қарқылдаймыз,

Бірін-бірі қолпаштаған наданымыз.

 

Жаралы жүрек көргенде,

Шаттанып оған тасыма.

Алладан сұрап алған жоқ,

Қайғысы ауыр басына.

 

Әдепсіздік болмай ма күлгеніміз,

Денің сау, аман есен жүргеніміз.

Өмірге бәріміз де мейманбыз ғой,

Осы ма ағайындар білгеніміз.

 

Қайғысын қайғылының бөлісе біл,

Дауасы көңіл айтып жеңілте біл.

Болған іске болаттай болыңыз деп,

Жанына қуат беріп сейілте біл.

 

Молла да шариғатын айта алмай жүр,

Нәпсісін қалтасының қайтармай жүр.

Жабуын бұл жалғанның жаба тоқып,

Көңілін меймандардың қайтармай жүр.

 

Қуат берер мұңды сөз айтылмайды,

Ең болмаса күлкісіз жай тұрмайды.

Біреу қапа, біреу шат заманымыз,

Мұңсыз ғып ешкімді де сайқылмайды.

 

Той емес-ау ағайын келгендерің,

Қасірет қой қайғылы көргендерін.

Әзіл күлкі бұл жерде жараспайды,

Әдептілік сақтандар сенгендерің.

 

Әзіл, қалжың күлкінің орны бөлек,

Дұғаны бұрмайықшы тойға теңеп.

Өмірде қуаныш бар, реніш бар,

Мақфузда жазған деді-ау оған себеп.

 

Садақаны сауда бер ағайындар,

Құрғақ сөз деп сенбейтін талайың бар.

Адалдық пен сенімнен кеш қалмаңыз,

Өткендерді еске алып сауабын ал.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *