Ықылас қойып оқы, жүрегіңе тоқы

 

 

Жаратқан бір тәңірді Алла дейміз,

Мүпминау ғибадатсыз қалма дейміз.

Тілменен бәрімізде тап-тазамыз,

Адалдық жүрегіңде бар ма дейміз.

 

Қараны жуғанменен ағара ма,

Қарамды сөзбен жуған тазара ма.

Сөзбенен арулап сен домдаған мен,

Сен айтқан сол жұмаққа бара ала ма.

 

Дүние қызыл түлкі қуамыз-ау,

Нәпсі жау қызығына бұрамыз-ау.

Жете алмай сол нәпсінің арманына,

Қайрансыз көзді жаспен жуамыз-ау.

 

Шариғат ағып жатқан бұлақ екен,

Пендеден парыз-қарыз сұрақ екен.

Мейірім рақым шапағат қайыр қылсаң,

Осы сөз ойлап тұрсаң шырақ екен.

 

Әркімге дәм біткен күн ақыр заман,

Аз өмір өлшеулі дәм шағын заман.

Алладан адалдықпен біз тілейік,

Көктесін арттағы ұрпақ бала-шағаң.

 

Ғибадаттың қызығы жүрегінде,

Адал еңбек маңдай тер білегіңде.

Адалдықпен өткізген таза өмірің,

Мейірімдікті қосып айт тірегімде.

 

Дүние қызыл түлкі жеткізбейді,

Тағдыр келсе пендеге сезгізбейді.

Көп қума не нәрсені құмарланып,

Махшарда қыл көпірден өткізбейді.

 

Дүниеге келген адам серуенге,

Ұқсайды аз өмірің керуенге.

Дүниеге пәк боп келсең пәк боп өтші,

Адалдық ақ ниетпен соған сен де.

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *