Шариғаттан түсінік

Шариғаттан түсінік:

Денсаулық тіле Алладан,

Ризықсыз пенде қалмаған.

Қарамдық іске дарыма,

Адалды тәңірім қолдаған.

 

Шариғат ұқ молдадан,

Құранның сөзін торлаған.

Пайғамбарым Мұхаммет,

Бес парызын жолдаған.

 

Баталы сөзін жолдаған,

Дін мұсылман қолдаған.

Өз дәстүрін ұмытса,

Иманнан безіп сорлаған.

 

Иман намаз біздікі,

Ниет қою сіздікі.

Ғибадаттан құр қалма,

Шариғат сөзі ұққызды.

 

Алланың жолы ақ ниет,

Мейірім, рақым қасиет.

Нашарға берсең қол ұшын,

Шариғат сөзі өсиет.

 

Пайғамдар айтқан сүннеті,

Тыңдау керек үмметті.

Дәстүріңді жат қылма,

Дін исламның құрметі.

 

Қайталанбас өткен күн,

Дағдыр келіп жеткен күн.

Баянсыз өмір өтеді,

Тәңірім солай еткен күн.

 

Туған айдай толармыз,

Уақыт бітсе солармыз.

Баянсыз өмір өтеді,

Жер қойнына қонармыз.

 

Айтқан сөзім ақыл ма,

Ниет қою мақұл ма.

Пәниіміз көп тұрмас,

Ұзақ емес бақида.   

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *