Ана тілі аруым, азайып барады қаруың  

 

Кресло қазақтарға қоныс болды,

Тілдері, мәдениеті орыс болды.

Екі қазақ орысша сөйлеседі,

Кейінгі ұрпақтарға намыс болды.

 

Өлгені қазақ болып тұр,

Тірісі орыс болып жүр.

Қайтадан одақ келеді деп,

Жоғары жақты торып жүр.

 

Басынан балық шіріп жүр,

Жандай шаптар үріп жүр,

Дәрменсіздерге дәндеген,

Басқа ұлттар бізге күліп жүр.

 

Орыстың тілі дамып тұр,

Қазақтың тілі қалып тұр.

Өз тілдерінен бездіріп,

Кеудесін сайтан қарап тұр.

 

Қазақтан шыққан төрелер,

Ескі орыс қой көнелер.

Сырты қазақ,іші орыс

Көрінеді кейбір төбелер.

 

Қазақтан намыс тозып тұр,

Кірмелер әлі озып тұр.

Қайран менің қазағым,

Өз тілінен шошып тұр.

 

Ана тілі қазақтың

Жоғалуға жақын тұр.

Қапқанға солай түсірер,

Саясат қой қағынғыр.

 

Намыс деген жоғалды,

Ана тілді доғарды.

Айтуға оны дәрмен жоқ,

Қазақша сөзге қақалды.

 

Сондай-сондай төрелер

Ел басқарған кемелер,

Ішкен мас та, жеген тоқ,

Намысы жоқ немелер.

 

Өзінің жауып есігін,

Басқаның тербеп бесігін.

Тигізіп жүр басқаға

Өзінен асқан кесірін.

 

Өзінді жаулап алса да,

Тілінді жаулап алмайды.

Надандықтың болар белгісі

Жаман әдет қалмайды.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *