Дүниенің ашып есігін,
Тербетіп өтсең бесігін.
Адал болып түзу кет,
Ешкімге тимей кесірің.
Біреудің алма несібін,
Тартып алма жесірін.
Мейрімсіз жауыз аталма,
Ұрпаққа тиер кесірің.
Жақыным деп біреуді,
Қызғанып оны таласпа.
Талассаң бағың кетеді,
Ақылға салып санаста.
Адал доспен санаспа,
Ұтам деп оны жанаспа.
Бүгін дос боп, ертең жау,
Жан жуымас сабазға.
Бәсеке болып жарыспа,
Байлық қуып алыспа.
Өлшеулі ризық қанағат,
Жеткізер сені алысқа.
Біреуге зорлық істеме,
Келсе де шамаң күштеме.
Қиянат істі істеме,
Жоқ пәлені іздеме.
Нашарға берсең қол ұшын,
Көп сауап бар ол үшін.
Алладан қайтсын деген сөз,
Жақсы тілек сен үшін.
Жапанға шыққан шынарсың,
Ғибрат сөзді ұғарсың.
Ешнәрсе мәңгі тұрмайды,
Сен де бір күні сынарсың.