Жақсы жарлар өмірі жұмақ екен

Жақсы жарлар өмірі жұмақ екен,

Үл-қызы өсіп-өнген шырақ екен.

Жақсы мінез, таза акыл сабырменен,

Үлгі-өнеге ұрпаққа бұлақ екен.

 

Жақсы мінез адамға ырыс екен,

Ақылды бол деген сөз дұрыс екен.

Қулықпенен жасаған қиянатың,

Өзіңе оралатын қылмыс екен.

2.02.2005 жыл

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *