Бізден де өтті жастық шақ,
Махаббат қызық мастық шақ.
Кемшілік, жоқтық көрсек те,
Сыйласып өткен қос кұшақ.
Сабырлы мінез, таза ақыл,
Екеуге де ортақ қой.
Ұтам деп жарды ойлама,
Махшарлық жолды ойлап қой.
Төзімдік керек өмірге,
Таза жүрек көңілге.
Кем-кетікке шыдай біл
Махаббат деген сенімге.
Шайтан мінез, қысқа ақыл,
Өміріңе сенің сор болар.
Бақытсыз бейбақ кездессе,
Өмірі оның қор болар.
Жақсы мінез, таза ақыл,
Жарыңмен сыйлас, жаға біл.
Сабырлы бол салмақты,
Көңілін оның таба біл.
Жақсы мінез, таза ақыл,
Кездессе егер бір жерге.
Тәңірдің берген бағы ғой,
Олардың өмірі гүлдер де.
Өмірдің жолы бұраң ғой,
Кейбір жері тұман ғой.
Шайқалмасын шаңырақ,
Оған керек шыдам ғой.
Шаңырақ құрсаң, жар сүйіп,
Мақшарлық жолға жарай біл.
Ұядан ұшқан балапан
Әлемге самғап тарай біл.
Шайқалмасын шаңырақ,
Ірге тасың қалай біл.
Мейрімді бол, зиялы,
Алды-артыңа қарай біл.
Екеуге де ортақ сөз,
Зиялы жаннан ескі көз.
Өткізіп алма көктемді,
Өкінішке болма кез.
Арақ деген Ібіліс,
Жоламашы маңына.
Үйір болсаң сен оған,
У тарайды қаныңа.
Асу-асу белес бар,
Пайдасы жоқ егес бар.
Сыйласып өтсен өмірден,
Көңілге жайлау сол іңкәр.
Өмірден алған мысалым,
Көңілдің назын жиғаным.
Керектісін сүзіп ал,
Өз ойына сыйғаның.
Бақытты болсын жастарым,
Махшарлық жолмен қостарың.
Ақылды, ізгі болындар,
Көп болады достарың.
Секен шешен