Мысал

 

Байсалды мінез адамға,

Ақылды қазық тұрақтау.

Кең пейілмен сабырлық,

Адамзат жаққан шырақтау.

 

Екі жақсы қосылса,

Жоғын бар қылып түзетер.

Қызықты дәурен күн өтер,

Достары оның риза болып,

Көлденең жұрты үлгі етер.

 

Екі надан қосылса,

Айғай шумен күн өтер.

Біріне-бірі бағынбай,

Үйдің ішін жүдетер.

 

Жақсыменен жаманды,

Ажыратып біле алмас.

Мейман дос болып біреумен,

Араласып жүре алмас.

Шаруа жиса құралмас,

Қызықты дәурен сүре алмас.

Пайдаменен зиянның,

Арасын бұлар біле алмас.

Залымнан бұлар ұтылар,

Құларға түссе ұтылар.

Жан ашыры болмаса,

Бұларға рақым кім қылар.

Алла кем қылып ақылдан,

Рақым көрмей жақыннан.

Дүниеден осылай өтеді,

Кем қылған Алла бағынан.

Ақылмен айтсаң тіл алмас,

Өз ойынан шыға алмас.

Өмірден ғибрат ала алмас,

Наданнан ешкім үлгі алмас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *