(Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдің сценийі)
Жүргізушілер: Әбиев Айбек, Баяділ Тойжан
Дайындық кезеңі: Шараны өткізбес бұрын колледжде, кітапханада хабарландыру ілінеді. Шығармашылықпен айналысатын жастардан туған ел, жер, Отан, туралы баяндамалар алынып іріктеледі. Шара өткізілетін күні іріктелген баяндамалар оқылып, әдебиеттегі, журналистикадағы туған жер тақырыбы қозғалады.
Қабырғаға ілінетін даналық сөздер: «Туған жерің-түп қазығың…», «Жаңа астана-жаңа мемлекет», «Сүй еліңді үйіңдей, сүй үйіңді еліңдей» (Қ.Аманжолов), «Екі Отан жоқ, жалғыз Отан-мекенің!» (М.Мақатаев) т.б.
І-жүргізуші:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба? (Сәкен)
ІІ-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, сіздерді бүгінгі дөңгелек үстел басынан көргенімізге қуаныштымын. Биыл Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің туғанына 80 жыл толады. Заңғар жазушының туған жер, отан тақырыбына жазған шығармалары әлі де өзекті.
І-жүргізуші: Жазушы «Туған үйдің түтіні», «Жер шоқтығы Көкшетау» кітаптарында Көкше өңірінің сұлу табиғатын суреттеп ғана қоймай, елдегі келелі мәселелерді де көтере білген.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелдің көтеретін тақырыбы, қозғайтын мәселесі заңғар жазушының ізін жалғаушылар, әдебиеттегі жастардың туған жер тақырыбына бойлауы, аша білуі болмақ. Және бүгінгі қоғамдағы зиялы топтың (жазушы, ақын) ролі қандай, сөзі өтімді ме, көтерген келелі мәселелер газет беттерінен ары аса алмай қалған жоқ па? деген мәселелерді ой талқысына саламыз.
(Жүргізушілер көрмемен таныстырады. Жанайдар Мусиннің шығармаларына қысқаша тоқталады.)
І-жүргізуші:
«Жанайдар, Жанайдар!» — деп жан даусым,
Жаңғыртып тұрады ұзақ әр тау ішін.
Япыр-ау, қайран сабаз қайда кеттің —
Мен түгіл, жел тоқтайды, тартады ішін!
ІІ-жүргізуші:Жанайдар Баймырзаұлы шығармашылығымен, қайраткерлігімен елдің есінде қалды. Заңғар жазушының қазасы зиялы қауымға ауыр тиді. Жанайдар Баймырзаұлына арналған арнау, оқитындар:
1. Мұратхан Нұрсұлу «Жанай – жаным», Ғафу Қайырбеков;
2. Мәули Жансая «Қайран Жәкем қайдасың?», Нұрмияш Көбенов;
3. Серікбаева Толғанай «Жан аға» Қорғанбек Аманжол;
ІІ БӨЛІМ
І-жүргізуші:Құрметтер қонақтар, бүгінгі іс-шарамыздің екінші бөлімінің модераторы Қуаныш Қожабайұлы.
(Дөңгелек үстелдің екінші бөлімі еркін түрдегі форматта жүреді. Модератор Қуаныш Қожабайұлы.)
Қуаныш Қожабайұлы: Құрметті әріптестер, студенттер, қонақтар! Бүгінгі іс-шарамызға келгендеріңізге қуаныштымыз. Жанайдар Мусин шығармашылығын насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпаққа туған жер, отан деген түсінікті сіңіру біздің басты мақсаттарымыздың бірі болмақ. Бүгінгі тақырыбымыздың аясы кең деп айтуға болады. Қазақ әдебиетінде, Көкше өңірінің жастарының әдебиетінде соңғы жылдары туған жер, тарихи тұлғалар тақырыбы жиі жазылып жүргенін байқаймыз. Дегенмен айту бар да, істің жүзеге асуы бар. Жанайдар атамыздың «Жер шоқтығы Көкшетауы» келелі мәселелерді көтерді. Басын бәйгеге тігіп көптеген дүниелерді айтып кетті. Тек ғана туған жер емес, тарихи тұлғалар, ұлттық болмыс, тіл тазалығының да көтерілгендігі жадымызда болуы тиіс.
Келесі сөз кезегі өздеріңізге белгілі «Ассалаумағалейкум», «Ностальгия» жыр жинақтарының авторы, облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі Мерген Тоқсанбайға беріледі. Баяндама тақырыбы: «Көкше ақындары»;
Келесі баяндамашы өздеріңізге белгілі айтыскер ақын, Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің ғылыми қызметкері Ерғалиев Қуанышқа беріледі. Баяндама тақырыбы: «Көкшенің әр тасында аты қалған»;
(Үзіліс. Көкшетау туралы видеоролик.)
Қуаныш Қожабайұлы: Құрметті қонақтар, бүгінгі өзекті тақырыпқа өзінің тұшымды ойларымен, ұсыныстарын алып Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студент-магистранттары келіп отыр. Келесі баяндамашы Мұхаммед Қоңқаев, тақырыбы «Көзден кетсең де, көңілден кетпейсің»;
Келесі баяндамашымыз Ш.Уалимханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің төртінші курс студенті Күләш Нысанбек, тақырыбы: «………..»
Келесі сөз кезегі өздеріңізге белгілі ақын, облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ақынбай Сәрсенбиге беріледі. Баяндама тақырыбы: «Жанайдар Мусиннің қайраткерлігі».
Қуаныш Қожабайұлы:Құрметті қонақтар, жазушы Жанайдар Баймырзаұлының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарамызға келіп өз ойларыңызбен бөліскендеріңіз үшін алғыз білдіреміз.