Абай атаға арнау

Қараңғылық түнек басқан заманда,

Шырақ жаққан шындық айтып қағазға,

Асыл өлең, асыл қара сөздерің,

Ғибрат болар жастар түгіл, қарттарға!

 

Сөздерің – жүрекке ем, жанға медет,

Өсиетің – ертеңіме болар хикмет,

Тыныш жата бер қабіріңде, Абай ата,

Біздей жастар әлемге атыңды мәшһүр етет!

 

Тыныш жат, ата, аманатың бар деп мақтана,

Қазақ тілін де мұраңды оқып жүр шаттана,

Мақтан бізбен, шаттан ата күліпсіреп,

Білім алып жүр ұрпағың, әр қалаға аттана!

 

Әлі де кітабыңды оқи-оқи дұрысталармыз,

Жаратқанның рахымына жақындармыз,

Өз қатемізді түсініп қара сөздеріңнен,

Күнәлардан арылып, тазарармыз!

 

Ғибрат алып әр беттен, ой түйерміз,

Жақсылық пен жаманды түсінерміз,

Білімменен иманды серік етіп,

Нұрлы жолда біз бірге кемелденерміз. 

 

Алғыс, Абай ата, мәңгі өшпе мұраң үшін,

Талай ұрпақ мойындап, ұғары шын,

Көзің көріп, қасымызда болмасаң да,

Мәнерлеп айтқан арнауымды естерің шын!

 

Айтып келемін Абайдай боламын деп 12 жастан,

Қара сөзді, көк сөз қылып жаздым талай дастан,

Өлеңдер жазамын ғибрат болар ұрпаққа,

Арсланбек атты Қазақ деп, оянармын бір таңнан!

 

Автор: Абдраманов Арсланбек ©

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *