Өрлеген қыран бүркіт
Түркістанның басына біткен бағы,
Жырларына жазылған өткен, бәрі.
Тегеурінді өлеңі Темірханның,
Дәл бүгінде қазақтың көктемгі әні.
Қаптағанда жеріңді көргенсіз көп,
Тек қайғымен көңілге әуен сыздық.
Ал бүгін азат елдің ұланымыз,
Еліңнің аты сенің «тәуелсіздік».
«Тәуелсіздік».
Мен жырлап жөнелтпекпін,
Кеудені отқа дәл сендей кенелтпек кім?
Еркіндікті әлі ешкім сезіндірмед(-і),
Өлеңіндей Темірхан Медетбектің.
Көк түріктің көзіндей боп көрінген,
Өлеңінен сыр шертем өткенінен.
Шындықпенен шөлін де баса-тұғын,
Ұлтын сүйген аумайды көк бөріден.
Қазақтың уайым жеме, жасқанба ұлы,
Сені аңсайды қазіргі жастар бәрі.
Жырларыңды ұмытпас өр кеуделі,
Өрлеген қыран бүркіт аспандағы!
Елінің кең жүрегі тарықпа тым,
Күні ашық, еш уайымсыз халықта түн.
Еңселі ерім, «Темірхан Медетбек » деп,
Алтынмен жазылады тарихта атың!
Құрманғали Әсемай Амангельдықызы
