ҚҰМЫРА

ҚҰМЫРА🌟🌟🌟
—————————-
Бұл құмыраға алтын құяр болар,
Бұл құмыраға күміс құяр болар..!
/Баласағұн/

Мен бір алтын құмырамын,
Мылжа-мылжа майысқан.
Түсіне алмай ғұмыр мәнін,
Қабырғасы қайысқан.

Мен бір күміс құмырамын,
Қасіреттен қаусаған.
Айтамын деп ғұмыр әнін,
Жастығымды таусағам.

Мен бір шыны құмырамын,
Күл-парша боп шашылған.
… өмір мынау – мұңы қалың,
Раушан гүлдей ашылған!

Мен бір сондай құмырамын,
Алтын құйды толмадым.
Мен бір сондай құмырамын,
Күміс құйды толмадым..!

Мен бір сондай құмырамын,
Шарап қана құятын.
Мен бір гауһар құмырамын,
Өлең ғана сыятын!

 

Маралтай Райымбекұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *