Апыр батыр* туралы «Найман, Матай – Төртқара руының шежіресі» атты зерттеуде былай деп жазады: «Апыр атамыз Түркістан қаласын жоңғарлардан азат ету шайқасында қаза табады. Бұл шамамен 1739 жылдары болса керек. Осы шайқаста қаза болған қазақ батырларын арулап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанына жерлеген»,- деп жазады (Сонда, 39-б). Жоғарыда жазған «Найман, Матай-Төртқара руының шежіресі» бойынша Апыр батыр төртқараға немере болып келеді.
Жалаңтөс батыр 1580-1656 жылдары өмір сүргенін ескерсек, Жалаңтөс батыр мен Апыр батырдың арасы шамамен 80 жыл (1739-1656 = 83 ж.). Бұдан байқайтынымыз, Апыр батыр төртқараға (ру) немере болуы қисынға келмейді, тек Жалаңтөс Баһадүрге немере бола алады. Соған қарағанда, Жалаңтөс баһадүр айтылмай, ауызша шежіреде батырдың руы төртқара айтылып кеткен болуы заңды.
Найман Төлегатай бабаның мазары Жаңақорған ауданынан 20 шақырым жерде болуына келсек, Ақ Орда хандығы кезінде найман тайпасы Сыр бойын мекендеген. Төлегатай мазары Қазақ хандығының астанасы Сығанақтан бір көш жерде, Қ.Жұмаділовтың пікірі дұрыс дейміз, ал «Төлегатайдан тараған әулет – бергі Әз Жәнібек туының астынан табылған, яғни, қазақ құрамына кірген жаңа наймандар», -деп жазған пікірінде әз-Жәнібек ханның заманынан кейін өмір сүрген. Оған дәлеліміз Төлегетай бабамыздың тікелей ұрпағы М.Тынышпаевтың жазуы бойынша Жалаңтөс батырдан 50 жыл бұрын өмір сүрсе, онда ол шамаман (1576-50 = 1530 ж) 1526 жылдары өмір сүрген дейміз, яғни әз-Жәнібек ханнан шамамен 70-80 жыл кейін болған.
Әлімнің төртқара руы мен найман руларындағы төртқараны ауызша шежіре бойынша кесте түрінде көрсетеміз.
Жалаңтөс* — Самарқанд қаласының әмірі Жалаңтөс баһадүр 1576-1656 жылдары өмір сүрген.
Әйтеке би* — шамамен өмір сүрген кезі 1679-1763 жылдары. Қазақ ханы әз-Тәукенің кезінде Кіші жүздің бас биі болған.
Әлімнің төртқара (қарамашақ) руындағы адам аттарының үш жүз руларының арасында қайталанатындығын кесте түрінде жазамыз.
Ұлы жүз:
Қаңлы… ® Сарбота (қарақаңлы) ® Оңбай ® Қонаққожа ® Тоғанай ® Сейітқұл;
Жалайыр… ® Шуманақ ® Маңғытай ® Ерғұл ® Әйтімбет;
Жалайыр… ® Шуманақ ® Мырза ® Бәйбіше ®Алатау;
Жалайыр… ® Шуманақ ® Мырза ® Аман ® Аппақ;
Үйсін … ® Ойсыл (Сіргелі)… ® Батыр ® Ескене ® Ақпан, Тоқпан;
Үйсін … ® Ойсыл (Сіргелі)… ® Есентай ® Есенкелді ® Төбет ® Қарабатыр ® Ақпан;
Үйсін … ® Ойсыл (Сіргелі)… ® Батыр ® Есназар ® Қараша;
Үйсін ….. ® Шақшам … ® Жақабай ® Әсет ® Ақтал ® Ақшал ® Қара;
Шапырашты… ® Қалды ® Айқым ® Сейітқұл;
Дулат ® Жаныс ® Жарлықамыс ® Бәйімбет (Қасқарау) ® Ораз;
Дулат ® Ботбай ® Шағай ® Есенкелді ® Ақша;
Орта жүз:
Арғын ® Бегендік ® Шуманақ ® Тәңірберді ® Ораз;
Арғын ® Сарысұпы ® Дәуіт ® Қалқаш ® Құдайберді ® Құлымбет ® Ораз;
Қыпшақ …® Қарабалық ® Жолжақсы ® Жантүлес (Ұста) ® Ораз;
Қыпшақ… ® Торы (торыайғыр) ® Әлпейі ® Қитаба ® Қара;
Найман… ® Қаракерей… ® Мейрам ® Байыс ® Шүргентай ® Мұңайтпас ® Тума ® Ақша;
Найман… ® Елата… ® Кетбұға ® Ақтана ® Боқбасар ® Жарболай ® Ораз;
Найман… ® Елата… ® Кетбұға ® Ақтоғыс ® Қара;
Найман… ® Елата… ® Кетбұға ® Ақтоғыс ® Қосай ® Алатау;
Қоңырат… ® Көктің ұлы ® Қара;
Қоңырат… ® Көктің ұлы ® Абат-Жабат ® Боғыс ® Жандербіс ® Қара;
Қоңырат… ® Көктің ұлы ® Абат-Жабат ® Оразкелді;
Қоңырат… ® Орынби ® Досымқұл ® … ® Сүркиік ® Қара;
Керей… ® Тарышы ® Смайыл ® Тезағай ® Матақай ® Үмбетқұл (Қаракемпір) ® Сейтқұл;
Керей… ® Ашамайлы ® Балта… ® Қошқыл ® Жарылғапберді ® Қара;
Уақ… ® Алшағыр… ® Тоқтамыс ® Байсиық ® Жаргел ® Ораз;
Уақ… ® Байназар ® Абырай ® Оразкелді;
Уақ… ® Қамбар ® Жусан ® Қантай ® Баржақсы ® Жәнібек ® Тортай ® Алатау;
Кіші жүз:
Кете ® Түменқожа ® Сары ® Жанбақты ® Нұрымбет ® Есімбек ® Қаракүшік ® Ораз;
Жақайым ® Көгіс ® Бәйімбет ® Ақша;
Қарасақал ® Сарбас ® Была ® Ақша;
Қарасақал ® Сарбас ® Бақтыберлі ® Медет ® Маңғытай ® Құдайберген ® Еремен ® Итемген ® Ақша;
Қаракесек ® Есіл ® Жолай ® Есенгелді ® Назар ® Ораз;
Шөмен ® Шөмекей ® Аспан ® Баршы ® Боқай ® Андасеиіт ® Байқожа ® Ораз;
Шөмен ® Шөмекей ® Тоқа ® Есқара ® Күнту ® Арзығұл ® Баубек ® Ақпан;
Шөмен ® Шөмекей ® Қайқы (Балқы) ® Болат ® Пұшық ® Құдайсүгір ® Қошан ® Тоқпан;
Байұлы ® Ысық ® Сарыбай ® Тоғыншы ® Тәңірберген ® Есмәмбет ® Ораз;
Байұлы ® Алаша ® Ақберлі ® Атымыс ® Әйтімбет;
Байұлы ® Адай ® Келімберді ® Бұзау ® Жеменей ® Жомарт ® Сейіт ® Тілеу ® Қожамсүгір ® Сейтқұл, Қара (Қараш);
Байұлы ® Адай ® Келімберді ® Тобыш ® Ораз;
Байұлы ® Есентемір ® Тағыберлі ® Көн ® Қаратамыр ® Алатау;
Жетіру:
Тама… ® Бурахан ® Әліп ® Құрақ ® Әйтімбет;
Тама… ® Бурахан ® Әліп ® Кенжебай ® Ақпан;
Табын ® Бозым (Шөмішті) ® Асан ® Кішкентай ® Жалпақтіл ® Бессары ® Ақша;
Жағалбайлы ®… Мырза ® Құтбанай ® Толғай ® Қазым ® Сейтқұл;
Жағалбайлы ®… Мырза ® Сирақты ® Ораз.
1643 жылғы Жоңғар ханы Батыр хонтайшы бастаған, біріккен 50 мың жоңғар әскерлерімен қазақ сұлтаны Жәңгірдің 600 сарбазымен соғысын қазақ тарихында «Орбұлақ шайқасы» деп атайды.
Орыс тарихшысы И.Фишер «История Сибири» атты кітабында осы «Орбұлақ шайқасы» туралы жазған. Ол: «Жангир приказал одной части войск окопаться в узком межгорном ущелье, а другой спрятаться за горой, пока калмыки не доберутся до западни в узкой горловине. Так и случилось, как он задумал: хунтайджи уверенно напал на крепость-западню, и это время султан Жангир сбоку навалился на врага, взял его под стрел и огонь фитильных ружей и уложил на поле боя около десяти тысяч вражеских бойцов. В это время на помощь подоспел Жалантос Бахадур со своим 20 тысячным войском, и враг отступил»,- деп жазса, А.И.Левшин де «Орбұлақ шайқасының» болғанын қайталайды («Великие битвы кочевников». Алматы, 2007, стр.169).
М.Тынышпаев та Жалаңтөс баһадүр (батыр) туралы: «…в 1643 году вместе с киргизским (авт. — қазақ) ханом Джангыром* ходил на калмыков»,-деп «История Казахского народа» атты зерттеуінде жазады.
Жалаңтөс баһадүр жоңғарларды жеңгеннен кейін, қазақ хандығына қараған, ұлы жүздің жерін қорғауға (авт. — ұлы, орта жүздердің халқы жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалап, қырғыз, Бұхара, Ферғана, Самарқанд, Жиделі-Байсын жерлеріне қоныс аударған) өзінің қарамағындағы төртқара руындағы Сейтқұл, Ақпан, Тоқпан, Ораз, Оразгелді, Әйтімбет, Ақша, Алатау аталықтарына қарайтын жауынгерлерді қалдырған дейміз. Тарихта жазылмағанмен, ұлы жүздің, орта жүздің жоғарыда жазғандай ауызша шежіресіне қарап осындай ой түюге болады. Кейінгі замандарда осы төртқара руының аталықтары сол жүздерге сіңіп кеткен дейміз. Ал, найман руының ауызша шежіресінде «төртқара» деп аталуын, біздің болжамымыз бойынша Жалаңтөс батырмен барған төртқара руының төрт аталығы Ақша, Ораз, Қара, Алатау бәрін «төртқара» деп бір атпен атап, шежірелерінде найманың аталықтарына бөліп жіберген болуы мүмкін.
Әлімнің төртқара руының аталықтарының Ұлы, Орта жүздердің арасында болуы туралы басқа да пікір, болжамдар болуы мүмкін.
Хош, сонымен алты ата Әлімнің бір баласы төртқара руының аталықтарын Орта және Ұлы жүздердің арасында қайталануын бір жүйеге келтірген сияқтымыз. Осы бір болжамымызға тарихшылар өз пікірлерін, болжамдарын жаза жатар дейміз.
Енді В.В.Востров пен М.Мұхановтың төртқара руының пайда болуы туралы пайымдаулары дұрыс емес екендігін дәлелдеу үшін И.Бичуриннің «собрание…», Л.Гумилевтың «Көне түріктер» еңбегіне жүгінеміз.
Төртқара руының атымен Батыс түрік қағанатын басқарған атақты қағандарының бірінің аты аталғаны туралы зерттеуімізді ары қарай жалғастырамыз. Болжамыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін, тарих пен ауызша шежірені байланыстыра отырып осы Қараш (Қара/ш) туралы не жазылғанын ары қарай зерттейміз. Тағы да И.Бичуриннің «собрание…» жазбасына сүйенеміз және Византия, қытай бастаухаттарындағы көне түріктер туралы жазғандарына да иек артамыз.
Сонымен, біздің дәуіріміздің кезінде (б. д. к.). VI-VIII ғасырларда Түрік қағандығын құрған Алшын /Ашина/ түріктері деп көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің жазған пікірлері мен болжамдарын жоғарыда көрсетіп кеткенбіз. Кіші жүзді Алшын деп те атайтынын ескерсек, кейбір зерттеушілер жетіруды Алшын құрамына кіргізбейді, себебі олар кейін әз-Тәуке ханның кезінде қосылған деп уәждерін осылай түсіндіреді. Тағы бір ескеретін жайт, И.Бичуриннің жазуы бойынша Ашина /Алшын/ атауы Батыс түрік қағандығының 14-ші ханы Шаболо-хан Ашина Хэлуден басталады. Бір қызық жері, Батыс түрік қағандығын 28 хан басқарған, соның жеті ханы ғана Ашина атымен аталған.
Әнес Сарай: «Осы Хэлу есімі қытай-қазақ тарихшыларының ол атауды қара деп аударуы да жаңа көкжиектерге жетелейді. Бұл этнонимге қазақ қауымында таласты екі жұрт бар. Бірі – қара қыпшақ та, екіншісі төртқара. (авт. — Әлім аталығындағы төртқара (қарамашақ) руы). Қара қыпшақ – іргелі тайпалық одақ. Үркердей шағын топ – оның ауқымына келмейді. Сондықтан хэлу қауымы төртқараның тарих сораптарында алғаш сәулеленуінде ұқсайды»,- деп хэлуді қара қыпшақ руына телуді жөнсіз санайды (Көк түріктері. Алматы, 2014. 340-б) (авт. — сөйлемнің асты сызылды және жоғарыда жазылған кейбір сөйлемдер, оқырманға түсінікті болсын деп қайталанып отырады).
Ә.Сарайдың: «Қара қыпшақ – іргелі тайпалық одақ», — деген тұжырымына жоғарыда өз ойымызды, дәлелдемелерімізді келтірдік, сондықтан да қайталап жатпаймыз.
Ашина Хэлу туралы И.Бичуриннің «собрание…», Л.Гумилевтың «Көне түріктер» мен Әнес Сарайдың «Көк түріктері» зерттеу еңбектерін негізге алып, Ашина Хэлудың Түрік қағандығын басқаруға қалай келгені жайында зерттеуімізді жалғастырамыз.
Әлібек САБЫРБАЕВ