Д.А. Қонаев естілігінен

✨✍️Д.А. Қонаев естілігінен:
«Арқаға аяздай бататын бір жай бар. Ол- мектеп құрылысы. Соңғы жылдары биік мінбелерден, газет, журнал беттерінен ”тоқырау” жылдары жүздеген Қазақ мектептері жабылып қалды деген сындар жиі айтылды. Ауыр айып, ақылға қонбайды. Жабылмады демеймін, бірақ әбден тозығы жеткен, онсызда құлағалы тұрған, бар жоғы 100-150 оқушысы бар бастауыш, сегіз жылдық мектептер жабылды. Оның орнына осы заманға лайық, 1000 орынға арналған жаңа мектептер шаңырақ көтерді. Мен бұл арада шопандардың балалары жатып оқитын мектеп интернаттарды есепке алып отырғаным жоқ. Мектептің санын емес, онда оқитын оқушылардың санын естен шығармасақ екен. Көлеңкеден шарбақ тоқығандай, бұрынғы басшыларды жоқ жерден кінәлау кімге пайда, соны да байжалап жүрсек, қайта өткенді қазбалаудан гөрі бүгінгі кемшіліктен арылудың жолын ойластырсақ еді.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *