Таңғы ойлар
Жақында Мұхтар Мағауин туралы сұхбаттарды қарап шықтым. Соңғы сұхбаттарын қыздар алған екен. Өмірде ең ауыр нәрсе, мықты жазушыдан сұхбат алу дер едім. Өте кірпияз болады. Көңіліне қаяу түсіретін кішкентай нәрсе бүкіл сұхбатты құртып жіберуі мүмкін. Сондықтан өте абай болған жөн. Дегенмен, барып отырғасын аша да білу керексің.
Мағауиннің жеңіл жымиғанынан «Балалар-ай…» дегенін байқайсың. Мысалы, маған «курстасың Кекілбаев» деген сөз оғаштау естілді. Баласының өзі Әбіштің қазасын бір күннен кейін жеткізді ғой. Іле-шала «Әбіш екеуміз» деп көлемді естелік жазды. Әбіштің кеңдігін көзін көргендер әлі айтады.
Мағауин «Абай туралы, Әбіш туралы жаман айта алмаймын» деп жылы жауып қойды. Мен болғанда, сұхбатты ерте аяқтауға тырысатын едім…
2. «Өтелмеген парыз» — *парыз* деген жақсы фильм бар. Сол фильмнің ортасында «Әдемі қыз» әні орындалады. Фильмнің ең сәтті шыққан жерінің бірі деуге болады. Сол әнді қазір көбіне әйелдер қауымы орындап жүр. Айгүл Қосанова қанша талантты болса да, ер адам айтуы керек ән деп ойлаймын.
80–90-жылдардағы фильмдердің әні де, диалогы да мазмұнды, керемет еді. Себебі сценарийді мүйізі қарағайдай жазушылар жазатын. Мысалы, «Өтелмеген парыз» фильмінің сценарийін Смағұл Елубай жазған.
Қазіргі фильмдердің сценарийін КВН, Жайдарманшы балалар жазады…
Қуаныш Қожабайұлы