ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
МАЗМҰНЫ
- ГЛОССАРИЙ……………………………………………………………………………………………………………….. 3
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР………………………………………………………………………………………………… 4
- ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ…………………………… 7
- ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ФОРМАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ………….. 9
- ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР…………………………………………………………………………………… 11
І. ГЛОССАРИЙ
- Қор – «IQanat» білім беру қоры» Қоғамдық Қоры;
- Академиялық күнтізбе – Қордың оқу жылына арналған олимпиада күнтізбесі;
- Қазылар алқасы – олимпиаданың орындалған тапсырмаларын бағалайтын құзыретті тұлғалар;
- IQanat олимпиадасына Квота – ауданнан (облыстан) қатысушылар саны. Квотаны Ұйымдастыру комитеті белгілейді;
- Әдістемелік кабинет – Қордың әдістемелік кабинеті Олимпиаданың әдістемелік негізін әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімше болып табылады;
- IQanat олимпиадасы – ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін тегін олимпиада;
- IQanat олимпиадасының ұйымдастыру комитеті – олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу бойынша нормативтік құжаттарды, қатысушыларға арналған нұсқаулықтар мен ұсынымдарды әзірлейді;
- Олимпиаданы ұйымдастырушы – олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібіне жауапты «IQanat білім беру қоры» Қоғамдық Қоры;
- Облыстың (ауданның, мектептің) қамқоршысы – Қордың қызметін ерікті негізде жеке қаражат есебінен қаржыландыратын жеке (заңды) тұлға;
- Облыстық үйлестіруші – өңірлердегі Қор қызметін ұйымдастыруға жауапты тұлға, оның жұмысына Олимпиада кезеңдерін ұйымдастыру, Олимпиададан кейінгі қолдау көрсету кіреді және онымен шектелмейді;
- Олимпиаданың 1-кезеңінің қатысушысы – iqanat.kz сайтында тіркелген және соңғы 2 жылдан кем емес ауылдық жерде тұрақты тұратын ауыл мектебінің 8-сынып оқушысы;
- Олимпиаданың 2-кезеңінің қатысушысы – олимпиаданың 1-кезеңінің жеңімпазы;
- Олимпиаданың 3-кезеңінің қатысушысы – олимпиаданың 2-кезеңінің жеңімпазы;
- Финал – олимпиаданың үшінші кезеңі;
- Үміткер – Қор регламенттеріне сәйкес іріктеуден өткен Олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысушы;
- Conditional Offer – Үміткерге табысталатын және оған IQHSB-де оқуға білім беру грантын алуға мүмкіндік беретін құжат. Үміткердің IQHSB-де оқу орны Үміткер осы құжатта қойылған шарттарды орындаған жағдайда расталады.
3
ІІ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) IQanat олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық қолдауын, қатысу тәртібін, жеңімпаздарды және жүлдегерлерді анықтап көрсетеді.
- IQanat олимпиадасы жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Оны «IQanat білім беру қоры» Қоғамдық Қорының (бұдан әрі – Қор) Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізеді. IQanat қоры Қазақстанның барлық аймақтарындағы ауыл мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған әлеуметтік және білім беру жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырады.
- Олимпиада «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрығымен ҚР БҒМ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енгізілген.
- Олимпиаданы өткізудің негізгі қағидаттары: оқушыларға ұсынылатын тең мүмкіндіктер; олимпиадалық тапсырмалардың жоғары сапасы; олимпиаданы өткізу тәртібінің әділдігі.
- Олимпиаданың негізгі мақсаты – еліміздің ауылдық жалпы білім беретін мектептері оқушыларының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ ауыл мектептері оқушыларының ынтасын арттыру. Міндеттері:
- орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіптік бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау;
- тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамытуға көмектесу, сондай-ақ оларды болашақ академиялық және кәсіби сын-қатерлерге дайындау.
- Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін оқу жылы бойы үш кезеңде қамқоршылардың қаражатына өткізіледі:
- 1-кезең – аудандық. Өткізу мерзімі – қазан-қараша;
- 2-кезең – облыстық. Өткізу мерзімі – наурыз;
- 3 кезең – республикалық (Финал). Өткізу мерзімі – маусым.
- Олимпиадаға қатысу тегін.
4
- 1, 2, 3-кезеңге қатысушылардың тізімдері бойынша ақпарат және Олимпиаданы өткізудің нақты уақыты мен орны көрсетілген бағдарлама Қордың iqanat.kz ресми сайтында жарияланады.
5
ІІІ. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру- әдістемелік қамтамасыз ету, үйлестіру және жүзеге асыру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.
- Ұйымдастыру комитеті Қордың атқарушы директорының бұйрығымен анықталады және бекітіледі.
Ұйымдастыру Комитетінің функциялары:
- олимпиадаға жалпы басшылық етеді;
- олимпиаданы ұйымдастыру жөнінде хабарлайды;
- бөлінген квотаға сәйкес қамтуды қамтамасыз етеді;
- олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын қамтамасыз етеді;
- олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін бақылайды;
- олимпиаданы өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- Қордың әдістемелік бөлімімен өзара әрекеттеседі;
- олимпиаданың келесі кезеңіне сәтті өткен қатысушылар тізімін уақтылы жариялауды қамтамасыз етеді;
- осы Ереженің талаптарын сақтау үшін жауап береді;
- олимпиаданы өткізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік режимін сақтауға және оның қорытындысын шығаруға жауапты.
- Олимпиада қазылар алқасы төраға, хатшы және қазылар алқасы мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының құрамы Қордың атқарушы директорының бұйрығымен бекітіледі.
- Олимпиада қазылар алқасы:
- тапсырманы тексеру және жұмыс нәтижелерін бағалау үшін бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді;
- жұмыстарды тексереді және бағалайды, жұмыстарды тексеру нәтижелерін Ұйымдастыру комитетіне ұсынады;
- қатысушылардың жұмысын бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
- оқушылардың жұмыстарын бағалаудың шынайылығына және осы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жауапты;
- форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, оқушылардың жұмыстарын бағалау мерзімін 30 күнтізбелік күннен асырмауға жауапты;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін анықтайды және Ұйымдастыру комитетіне бекіту үшін ұсынады;
- Ұйымдастыру комитетіне ұсынған қатысушылардың нәтижелері үшін жауапты.
6
IV. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
- Олимпиадаға iqanat.kz сайтында Ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімге дейін тіркелген және соңғы 2 жылдан кем емес ауылдық жерде тұрақты тұратын ауыл мектебінің 8 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Сонымен бірге, қашықтығы Республикалық маңызы бар қалалардан
30 км-ден кем және облыс орталықтарынан 15 км-ден кем ауылдарда тұратын оқушылар олимпиадаға қатыса алмайды.
- Олимпиада Қордың жыл сайынғы академиялық күнтізбесіне сәйкес үш кезеңде өткізіледі.
- Әр кезеңдегі жеңімпаздардың саны Ұйымдастыру комитеті белгілеген квотамен анықталады.
- Тестілеу оқушының оқу тілінде өткізіледі.
- Нәтижелерді өңдеу оқушылардың жауаптарын онлайн платформада автоматтандырылған талдау арқылы жүзеге асырылады.
- Олимпиада нәтижелерінің апелляциясы қарастырылмаған.
- Олимпиаданың әр кезеңі оның орындалу уақытын ескере отырып, білім мен дағдыларды, шығармашылық қабілеттерді көрсетуге бағытталған кешенді тапсырманы орындауды көздейтін қабілеттерді диагностикалау бойынша тестілеу болып табылады. Тест сұрақтарының үлгілері iqanat.kz сайтында жарияланады.
- Ұйымдастыру комитетінің шешімімен олимпиаданы өткізу құралдарының бірі қолданылуы мүмкін:
- Paper-based (қағаз түрінде, оффлайн форматта);
- Online (онлайн форматта).
- Олимпиаданы өткізу барысында қатысушының әрекетіне байланысты емес техникалық ақаулар болған жағдайда, оған тапсырмаларды орындауға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт мөлшері ұйымдастырушының туындаған ақауларды жоюға жұмсаған уақытына сәйкес келеді.
- Олимпиаданың барлық кезеңдерінің нәтижелері бойынша іріктелген қатысушылардың тізімін олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті бекітеді. Тізім iqanat.kz сайтында жарияланады. Іріктелген қатысушылар жеке кабинетте сәтті өткендігі туралы хабарлама алып, бекітілген тізімге сәйкес Олимпиаданың келесі кезеңіне жіберіледі.
- Олимпиаданың келесі кезеңінің өтетін күні мен орны туралы ақпарат
www.iqanat.kz сайтында жарияланады.
4.12. Олимпиаданың бірінші кезеңі
- Бірінші кезеңге қатысу үшін Олимпиада қатысушылары iqanat.kz
сайтында Ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімде тіркеледі.
- Қатысу оффлайн форматта (жекеленген жағдайларда – онлайн формат) өтеді.
7
- Олимпиаданың бірінші кезеңіндегі тестілеу нәтижелері бойынша өз өңірлерінде ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар олимпиаданың екінші кезеңіне өтеді.
4.13. Олимпиаданың екінші кезеңі
- Жеңімпаздар iqanat.kz сайтындағы жеке кабинетте Олимпиаданың екінші кезеңіне өту туралы хабарлама алады.
- Екінші кезең аудан орталықтарында өткізіледі және бетпе-бет қатысуды талап етеді.
- Олимпиаданың екінші кезеңіндегі тестілеу нәтижелері бойынша өз аудандарында ең жоғары қорытынды балл жинаған қатысушылар олимпиаданың соңғы кезеңіне шақыру алады.
4.14. Олимпиаданың үшінші кезеңі: Финал
- Олимпиаданың үшінші кезеңіне жеке кабинетте финалға шақыру алған қатысушылар жіберіледі.
- Үшінші кезең бепте-беп қатысуды талап етеді. Өткізу орны жөніндегі барлық ақпарат iqanat.kz сайтында жарияланады. Финалдың жалпы ұзақтығы – 5 күн.
- Үшінші кезеңнің нәтижелері бойынша IQHSB-де тегін оқуға 100
үміткерлердің тізімі анықталады. Тізімге:
- тестілеу нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар;
- алты пән бойынша олимпиаданың бірінші орындарының жүлдегерлері кіреді (олардың жалпы баллы үшінші кезеңнің орташа балынан төмен болмаған жағдайда).
- Үшінші кезеңнің нәтижелері бойынша іріктелген үміткерлер Conditional Offer алады.
- Пәндер бойынша 2 және 3 орындардың жүлдегерлеріне олимпиаданың 2 және 3 орындарының жеңімпаздары дипломдары беріледі.
- Үшінші кезеңнің нәтижелері бойынша финалистердің арасынан екінші жүз оқушы IQ Advance олимпиададан кейінгі қарқынды қолдау бағдарламасына қатысатындар анықталады.
- Олимпиаданың қалған финалистері, жинаған ұпайларына қарамастан, келесі үш жыл бойы тегін Олимпиададан кейінгі сүйемелдеу бағдарламасының қатысушылары болады, оған:
- білім беру бағдарламаларына қатысу;
- кәсіптік бағдарлау аясында қолдау;
- ынталандырушы бағдарламаларға, тренингтерге, семинарларға қатысу;
- ағылшын тілін және IT дағдыларын оқыту;
- репетиторлардың онлайн сабақтарының тегін қолжетімді болуын қамтамасыз ету арқылы ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындалуға көмектесу;
- жоғары оқу орындарын таңдау және оқуға түсу кезінде қолдау кіреді.
8
V. ОЛИМПИАДАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ФОРМАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ
- Олимпиаданың әдістемелік негізін әзірлеуге IQanat қорының әдістемелік кабинеті жауапты. Әдістемелік кабинет олимпиадалық тапсырмаларды әзірлеуге тәжірибелі педагогтар мен сарапшыларды тартады.
- Пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмалар ҚР МЖМБС оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді. Олимпиадалық тапсырмаларды дайындау және әзірлеу кезінде алдыңғы Олимпиаданы өткізу тәжірибесі ескеріледі. Олимпиаданың әрбір жаңа кезеңі үшін түпнұсқалық, мазмұны жағынан бірегей тапсырмалар әзірленеді.
- Тест тапсырмаларының үш қиындық деңгейі бар: А – базалық деңгей (білім және түсінік);
В – жоғары деңгей (қолдану және талдау); С – ілгері деңгей (синтез және бағалау).
- Сауаттылық деңгейі мен ойлау дағдыларының қалыптасуын диагностикалау мақсатында олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңдерде үш жалпы бағыттағы міндетті тапсырмаларды орындайды: математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, оқу сауаттылығы.
- Олимпиаданың бірінші кезеңі ең жақсы дайындалған оқушыларды іріктеу мақсатында өткізіледі. 40 сұрақтан тұратын кешенді тестілеуден тұрады:
- математикалық сауаттылық 10 сұрақ;
- логикалық ойлау 10 сұрақ;
- оқу сауаттылығы 10 сұрақ;
- қазақ тілі 10 сұрақ.
Жалпы ұпай саны — 80
Бірінші кезеңге Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерінің барлық 8 сынып оқушылары оффлайн форматта (жекеленген жағдайларда – онлайн формат) қатыса алады.
- Олимпиаданың екінші кезеңі пәндік болып табылады. Үш міндетті бағыттан басқа, оқушылар ағылшын тілінен, сондай-ақ таңдау пәндерінің бірінен тест тапсырады:
Математика Физика Химия Биология География
Қазақстан тарихы
Екінші кезеңде таңдалған пән үшінші кезең барысында өзгертілмейді.
9
Барлығы екінші кезеңнің тапсырмалары 5 пән бойынша 50 сұрақтан тұрады (әр бағыт бойынша 10 сұрақ).
Жалпы ұпай саны – 100
- Олимпиаданың үшінші кезеңі (олимпиаданың финалы) ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиаданың үздік қатысушыларын анықтауға бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар үш негізгі бағыт бойынша тест тапсырады (математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, оқу сауаттылығы). Математикалық сауаттылық бойынша сұрақтар саны 10-нан 15-ке дейін артылды. Таңдау пәні бойынша сұрақтар саны (математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы) 15 сұраққа дейін артылды.
5.8 Төменде үшінші кезең тапсырмаларының сандық құрылымы берілген: математикалық сауаттылық – 15 сұрақ;
логикалық ойлау – 10 сұрақ; оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
таңдау пәні (математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы) – 15 сұрақ.
ағылшын тілі – 10 сұрақ.
Олимпиаданың үшінші кезеңінің тапсырмалары 5 пән бойынша 60 сұрақтан тұрады.
Жалпы ұпай саны – 120
- Гранттар келесі принцип бойынша беріледі: математика — 30%, физика
– 20%, химия – 20%, биология – 20%, география – 5%, Қазақстан тарихы
– 5%
Білім беру гранттарын тағайындау барысында IQanat High School of Burabay мектебінің негізі профилі — физика-математикалық бағыты басшылыққа алынады.
- Тестілеу ұзақтығы:
Олимпиаданың бірінші кезеңі – 80 минут; Олимпиаданың екінші кезеңі – 100 минут; Олимпиаданың үшінші кезеңі – 120 минут.
- Олимпиадалық тапсырмаларды орындау барысында ешқандай анықтамалық материалдарды, байланыс құралдарын және электрондық есептеу техникасын пайдалануға болмайды.
- Сұрақтарға жауаптар олардың күрделілік деңгейіне байланысты бағаланады (А, В, С). А деңгейіндегі сұрақтар үшін бір балл, В деңгейіндегі сұрақтар үшін 2 балл, С деңгейіндегі сұрақтар үшін 3 балл беріледі. Оқушылар ұсынылған 5 жауаптың 1-ін таңдауы керек.
- Олимпиаданың әр кезеңінде қатысушылардың қорытынды балл саны бірдей болған жағдайда, келесі кезектегі бағыттар бойынша жоғары балл жинаған қатысушыларға артықшылық беріледі:
Математикалық сауаттылық, Логикалық ойлау, Ағылшын тілі
10
- ЭТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
- Инклюзивтілікті және барлық қатысушылардың қажеттіліктерін құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында Қор барлық қатысушыларға, соның ішінде денсаулығында ақауы бар балаларға тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз етеді. Оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін мүмкін болатын жағымсыз салдарды болдырмау үшін мұндай қатысушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері ұйымдастырушыларды алдын ала хабардар етіп, тиісті медициналық анықтаманы ұсынуы қажет. Баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері олимпиаданы ұйымдастырушылармен бірге баланың бейімделуге ықтимал жолдарын немесе олардың олимпиадаға қатысуының ерекше шарттарын алдын ала талқылай алады. Дегенмен, денсаулығында ақауы бар балалар IQHSB қабылдау ережелеріне сәйкес IQHSB мектебіне бара алмайтынын ескерген жөн (2.4-бөлім). Бірақ мұндай балалар үш жыл бойы Қор ұйымдастыратын барлық олимпиададан кейінгі қолдауға, басқа да жобаларға қатыса алады.
- Олимпиаданы өткізу этикасы барлық қатысушылар үшін адал және әділетті бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Төменде сипатталған қағидаттар жоғары стандарттарды сақтауға және олимпиаданың барлық қатысушылары үшін әділ және бәсекеге қабілетті ортаны құруға ықпал етеді:
- Адалдық. Олимпиадаға қатысушылардың адалдық танытып, этикалық қағидаларды сақтауы маңызды. Бұған алаяқтық жасауға, плагиат жасауға, тыйым салынған материалдарды немесе басқалардың рұқсатсыз көмегін пайдалануға тыйым салу кіреді.
- Құпиялылық. Қатысушылардың жеке деректері құпиялылық қағидаттарына сәйкес өңделуі және сақталуы тиіс. Ұйымдастырушылар дербес мәлеметтерді өңдеу ережелерін сақтауға және қатысушылардың келісімінсіз жеке ақпаратты жария етпеуге тиіс.
- Тең мүмкіндіктер. Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етулері керек. Бұл барлық қатысушылар үшін ақпарат, ресурстар және дайындық мүмкіндіктері бірдей қолжетімді болуы керек дегенді білдіреді. Жеке қатысушылар үшін кемсітушіліктің немесе артықшылықтың кез келген түрін болдырмау керек.
- Зияткерлік меншікті құрметтеу. Қатысушылар ұйымдастырушылар белгілеген ережелер мен тыйымдарды сақтау керек. Алаяқтыққа, соның ішінде плагиат жасауға, басқа қатысушылармен ынтымақтастықта болуға немесе тыйым салынған материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салыну керек.
11
- Жарыс этикасы. Барлық қатысушылар, соның ішінде ұйымдастырушылар, қазылар алқасы және қатысушылар жарыстың этикалық қағидаттарын сақтау керек. Бұған адалдық, басқа қатысушыларды құрметтеу және ережелерді сақтау кіреді.
- Бейтараптық және әділдік. Қатысушылардың жұмысын бағалайтын қазылар алқасы мен сарапшылар әділ және бейтарап болуы керек. Баға ұйымдастырушылар алдын-ала жариялаған критерийлерге негізделуі керек.
- Ашықтық және қарым-қатынас. Ұйымдастырушылар қатысушыларға олимпиаданың ережелері, тәртібі, бағалау критерийлері және басқа да маңызды аспектілері туралы нақты және толық ақпарат берулері керек. Барлық мүдделі тараптар арасында ашық қарым-қатынасты қамтамасыз ету қажет.
- Бұл этикалық қағидаттар пәндік олимпиаданы өткізудің әділ ортасын сақтауға көмектеседі. Мұндай ортада әр қатысушының өз білімі мен дағдыларын көрсетуге бірдей мүмкіндіктері бар.
6.11 Олимпиаданы ұйымдастырушы 3 (үш) ай ішінде олимпиадаға қатысушылардың берілген Ережені және академиялық адалдық принциптерін сақтауларын тексеруге құқылы.
- Олимпиадаға қатысушылардың тарапынан берілген Ережені бұзу, атап айтқанда академиялық адалдық пен этикалық нормалардың бұзылу фактілері туындаған жағдайда, Олимпиада ұйымдастырушысы қатысушыны қайта тестілеу құқылы.
- Олимпиадаға қатысушылар тарапынан академиялық адалдық пен этикалық нормалардың бұзу фактілері расталған жағдайда, Олимпиаданы ұйымдастырушы оқушының жұмысын жоюға және оны олимпиаданың келесі турларына қатысудан /олимпиададан кейінгі сүйемелдеу жобаларынан/ IQHSB мектебінің грантынан шеттетуге құқылы.
12
- ОЛИМПИАДАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
- Қордың қызметі қамқоршылардың қаражаты және тартылған өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.
- Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиаданың 1 және 2 кезеңдерін өткізу орындарына дейін жол жүру шығындарын жергілікті атқарушы органдар және/немесе қатысушылардың ата-аналары өтейді. Барлық қалған шығындар қор қаражаты есебінен өтеледі.