САБАҚ: |
166-167-сабақ |
|||
Күні: |
|
|||
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||
Бөлім тақырыбы |
Батырмен сұхбат |
|||
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар |
|||
Бағалау критерийлері |
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай алады; |
|||
Тілдік мақсаттар |
Пән лексикасы және терминология: презентация, тақырып |
|||
Пәнаралық байланыс: |
қазақ әдебиеті |
|||
Ұлттық құндылықтар |
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді. |
|||
Мектеп құндылықтары |
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу |
|||
Осыған дейін меңгерілген білім |
7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөз |
||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту.
Нұршайықов Әзілхан (1922-2011 жж.) — жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Жарма ауданы, Келінсүйегі жерінде дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін аяқтайды, «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, «Қызыл ту» Павлодар газетінің редакторы, «Қазақ әдебиетi» әдеби газетінің бас редакторы қызметтерін атқарады. 40-тан астам кітап пен очерктің авторы: «Алыс ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махаббат жыры» (1964), «Әсем» (1966)повестері,«Махаббат қызық, мол жылдар» (1970, 1972, 1973)романының,«Батырдың өмірі» (1969), «Тоғыз толғау» (1977) повестері, «Ақиқат пен аңыз» (1976, 1978)роман-дилогиясының, «Мен және менің замандастарым»мемуарлық кітабының авторы. Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, А. Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, соғыс ардагері болған Әзілхан Нұршайықов 3-дәрежелі Даңқ (1944), «Құрмет белгісі» (1956), «Халықтар достығы» (1984), 2-дәрежелі Отан соғысы (1985), «Парасат» (2005), «Отан» (2010) ордендерімен, «Ержүректілігі үшін» (1943), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (1944), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» (1945), «Варшаваны азат еткені үшін» (1945) медальдарымен марапатталған. Кейіпкерге топтастыру кестесі
Сұрақтар Бұл романның аты «Ақиқат пен аңыз» деп аталу себебі неде? Ә. Нұршайықовтың соғыс тақырыбындағы шығармасының шынайылығы? Б. Момышұлының өмірде қатаң, сұсты болғаны белгілі. Сөйте тұра Ә. Нұршайықовтың сол кісіден барып сұхбат алуы қандай адам екенін көрсетеді?
Оқушылар тақырыпты болжайды. Кері байланыс |
|
||
Сабақтың ортасы 5 минут
20 минут
5 минут |
Оқушылар мақал құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Мақал мағынасын айтады. Т/Ж Оқушылар топқа бөлініп, әскери формасының жаңа моделін жоспарлайды, ортақ ойды постерге түсіріп сынып алдында қорғайды. Әскери формасын жасауда қойылатын критерийлермен таныстырыңыз: · Сыртқы эстетикалық пішіні · Денсаулық факторы · Экономикалық фактор · Жастардың талғамына деген сәйкестік Формативті бағалау «Плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жұмысын бағалап, комментарий білдіреді. Кері байланыс: |
https://www.zharar.com/kz/makal/2088-sheber.html
|
||
Сабақтың соңы Рефлексия
|
Сабақтың соңында оқушылар: Үйренгендері туралы ойланады 1. Не үйрендік? 2. Не оңай болды? 3. Не қиын болды? |
|
||
Қосымша ақпарат |
|||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
|||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|||