САБАҚ: 162-163 |
|
|||||
Бөлім тақырыбы |
|
|
||||
Сабақтың түрі |
Әзілхан Нұршайықов |
|
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау. |
|
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар · мәтіндердің негізгі мақсатын анықтайды; Көптеген оқушылар · мәтіндердің негізгі мақсатын ашатын мысалдарды келтіреді (ол үшін мәтін мазмұнына детальді үңілуі тиіс); Кейбір оқушылар · тілдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жаза алады. |
|
||||
Бағалау критерийлері |
· өмірбаян жазудың тілдік ерекшелігін ажыратады; · мәтін мазмұны бойынша өз тұжырымдарын дәлелдейді; · өмірбаян жазады. |
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: белгілі, дүниеге келдім, тәмамдаған, қабылданып, қызмет ету, үлкен өмір. |
|
||||
Пәнаралық байланыс |
тарих |
|
||||
Мектеп құндылықтары |
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды. |
|
||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. |
|
||||
Жоспар |
|
|||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|
|||
3 минут
15 минут
|
Ұйымдастыру бөлімі. Оқылымалды тапсырма. Т Сынып топтарға бөлінеді. Топтарға Өмірбаян жазу үлгісі туралы мәтін ұсынылады. 1-тапсырма: Мәтін бойынша ментальді карта жасаңыз. Мәтіндегі негізгі мағлұматтарды қамтуға тырысыңыз және жұмыстың қорытындысымен сыныпты таныстырыңыздар. Жетелеуші сұрақтар: — Өмірбаян дегеніміз қандай құжат? Өмірбаянды жазудың қандай маңызды ерекшеліктері бар? — Өмірбаян мәтінінің тілдік ерекшелігі туралы не айтар едіңіз? — Өмірбаян туралы тағы қандай ақпарат қосар едіңіз? Топтардың таныстырылымына қандай жаңа ақпарат қосасыз? — Топтар өмірбаян жазудың үлгісі туралы таныстырылымды қаншалықты сапалы орындай алды? — Олар қандай мәліметті ерекше жеткізе алды? Қандай ақпаратты назардан тыс қалдырды? т.б. |
|
|
|||
Сабақтың ортасы
15 минут
5 минут
|
Оқылым тапсырмасы. Ж/ЖЖ/Т Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогика лық институтында оқыды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс кезінде жазушы‑майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1947-48 жылдары Семей обл. «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, 1948-49 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1949-53 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1953-56 жылдары Павлодар обл. «Қызыл Ту» газетінің редакторы, 1956-61 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары, 1961 -63 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Социалістік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген. Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған. Өлеңдері мен очерк, публицистикалық мақалалары аудандық облыстық, республикалық баспасөзде және соғыс жылдарында майдан газеттерінде жарияланып тұрған. Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы «Алыстағы ауданда» 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары «Тың астығы» 1958 жылы, «Ертіс жағасында» 1959 жылы, «Жомарт өлке» 1967 жылы жарияланды. Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері «Махаббат жыры» (1964), «Әсем ( 1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен «Махмет Қайырбаев» (1967), «Батырдың өмірі» (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін «Тоғыз толғау»( 1977), «Невель түбінде» (1977), әдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің шығармашылық қабілетін сомдаған «Автопортрет» (1977), «Екі естелік» (1985) очерк, әңгіме, повесть жинақтары жарық көрді.Қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат қызық, мол жылдар» романы (1970) мен «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сүйіп оқитын махаббат гимніне айналды. Ал екінші роман‑дилогиясы аты аңызға айналған ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған. Осы «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.Орыс тілінде «Песня любви» (1965, 1975, 1982); «Истина и легенда» (1980), «Истина и легенда» (1982) және «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрген. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы украин («Дніпро», 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды. Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған. Жазушының шығармалары негізінен Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтады. Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған. Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз. Тоқтала кететін жайт, күні кеше қазақтың қадірлі ақыны Қадыр Мырза Әлі дүниеден озғанда: «Жасым тоқсанға тірелгенде артыңдағы інілерің өмірден кетіп жатса, оларға жоқтау жазу қиын екен. Жастардың өмірден озғанына өзің кінәлідей күй кешесің. Жер басып, тірі жүрген соң оларды жоқтамасқа да амал жоқ», ‑ деп күңіреніп еді. Енді әдебиеттегі інісін жоқтаған Әзілхан Нұршайықов та сол келместің кемесіне мінеп, мәңгілік сапарға жол тартты. Қалың қазақты «Қош, Әз‑аға!» дегізіп…
Оқушыларға Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасының негізгі кейіпкері Бауыржан Момышұлының өмірбаяны және Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасының үзіндісі ұсынылады. Мәтіндер мазмұны бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тақтада тұтастырып тұруға жауапты болады. 2-тапсырма: Мәтіндерді оқыңыз және мәтін мазмұнына талдау жасаңыз. 1-жұп: Мәтіндердің түрі мен типін анықтаңыз және мәтіндерден дәлел келтіріңіз (сөйлеу белгілері: ауызша, жазбаша, тілдік элеметтер: талқылау, аргументтеу, хабарлау т.б. немесе жанры) 2-жұп: Мәтіндердің мақсаты мен мазмұны, аудиториясын анықтаңыздар, мәтіндерден нақты мысал келтіріңіздер. 3-жұп: Мәтіндердің стилін анықтаңыздар, мәтін мазмұнынан мысалдар келтіріңіз. 4-жұп: Мәтіндердің тілі мен баяндалу, жеткізілу формасындағы алшақтықты анықтаңыз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж 3-тапсырма: Сабақ барысында ұсынылған мәліметтерді пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз (70-90 сөз). Бағалау критерийі: 1) өмірбаян жазады; 2) мазмұн жүйелілігін сақтайды. Қажетті сөздер: белгілі, дүниеге келдім, тәмамдаған, қабылданып, қызмет ету, үлкен өмір. |
http://kitap.kz/reader/ushqan_uya (1-7-бет)
|
|
|||
Сабақтың соңы Рефлексия 3 минут |
Ауызша кері байланыс — Бүгін МЕН не үйрендім? Мен тағы нені білуім керек? Мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды ауызша кері байланысқа шақырады. |
|
|
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|
|||||
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
|||||