Бөлім тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары және «Ұлы жібек жолы». Мектеп:«Мирный ЖОББМ» Мұғалімнің аты-жөні:Оспанова А.Қ Күні: Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы:Тараздың бойтұмары |
||||
оқу мақсаттары: |
7.О2.Ресми-іскерлік(өтініш,нұсқаулық,ресми құттықтаулар,ұсыныстар)салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.7.О4.Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау |
|||
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін таба алды. Оқушылардың көпшілігі Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қатесін түзете алды. Оқушылардың кейбірі Өз болжам жауабы мен мәтін жауабы негізінде, өзінің қателесу себебін түсіндіре алды. |
|||
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. |
|||
Пәнаралық байланыс: |
Әлеуметтану |
|||
АКТ-ны қолдану: |
PowerPoint таныстырылымы, аудио мәтін |
|||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: Тізбекте берілетін бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін (қос нүсте, нүктелі үтір) қолдану. Пән лексикасы және терминология:Жоспарлау, шаруа, шұғыл, бой жазу, сүйену, ұстану, ауытқу. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің ойымызша, _______________. Мәтіндегі жауапта «_______» келтірілген. |
|||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Мерейтой – өмірдің жаңа белесі» тақырыбындағы ресми құттықтау хатты жазды. Шырай түрлерімен танысып, қолданды. |
|||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дерек көздер |
||
Сабақ басы 10 мин
|
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл. Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды. Сурет бойынша топтарға бөліну Тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді: · Не себептен адам өз өмірінде мақсат қоюы тиіс? · Мақсатқа жетуде не көмектеседі? · Жоспардың ішіне не жазылады? · Сенің алға қойған мақсатың бар ма? · Мақсатыңа жету үшін сен жоспарыңа не жаздың? Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен танысады. |
Слайд 1-5 Дидактика № 1
|
||
Сабақ ортасы 10 мин
20 мин |
Тапсырма-1: Бойтұмар тарихы Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек. Халық тұжырымында «көз тию» яғни «кінәрат» деген түсінік кең тараған және оған халық сеніп келген. Тұмардың қасиеті өзге жанның сұқ көзінен сақтап, сәбиді тілден, түрлі пәлекеттерден сақтайды және жақсы атқа да, жас балаға да, сүтті сиырға да көз тиеді деген ұғымнан туса керек. Бұл ырым қазірде бізбен бітесе жалғасып келеді. Тұмар негізінен теріден не матадан істеліп, арасына Құран сүресінен аяттар жазылған. Кейде зергерлер әшекейлеп темірден, күмістен құты жасаған. Исламға дейін тұмардың ішіне тұз, пияз, аюдың, иттің жүнін салған. Тілден, көзден әр түрлі пәлекеттерден сақтайтын тұмарлардың түрі көп болып, бірі ауру адамға тағылса, бірі әйелдерге, қыздарға, жас балаларға тағылған. Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді. Пайдаланатын шикізатына байланысты және көркем шығармашылық жағынан бойтұмар неше түрлі болып келеді. Топтық сайыс: Жаңа сөздермен танысу үшін сөздер мен синонимдерді сәйкестендіріңіздер. Тапсырманы орындау үшін қиық қағаздардағы сөздер мен синонимдерді желіммен А4 парағына жабыстырады. Қай топ бірінші дұрыс орындайды сол жеңімпаз атанады. Тапсырма-2:Сұрақтармен танысыңыздар (1 мин); Жұпта сұрақтарға жауапты болжаңыз (5 мин);
Топта ең жақын жауапты таңдаңыздар (5 мин); Мәтінді мұқият тыңдап, (2 мин), өз жауабыңыз бен мәтін жауабын салыстырыңыз; Дұрыс жауаптармен сәйкестендіріңіз (2 мин); Жетістік критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау (5 мин). |
Слайд 6 Мәтінге берілген сөздіктегі сөздер қиып беріледі.
Слайд 7 Дидактика № 2 Аудио файл
|
||
Сабақ соңы 5 мин
|
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Сабақта маған не пайдалы болды? |
Слайд 8 |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.
|
Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. |
Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. |
||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
||||