«Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»»

«Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»»

 

Оқу мақсаты

7.3.6.1 Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

7.4.5.1  тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

7.5.2.1 жазба жұмыстарында ыңғайлассалалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

 

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Орындау уақыты                               

Білім алушы

·         Мәтіндегі деректерді қолданады

·         Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді

·         Оқшау сөздердің тыныс белгісін қолданады

·         Ыңғайлассалалас құрмалас сөйлемдерді жазба жұмыстарда қолданады

 

Қолдану

 

15-20 минут

 

 

1-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.

 

Жастар және ғаламтор

            Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», — деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың өмірі мен қауіпсіздігіне күшті әсер ететін ҒАЛАМТОР жайында болмақ. 

            Біраз уақыт бұрын Гуглдың негізін қалаушы Эрик Шмидтің «Жаңа сандық дәуірі» атты кітабы шықты. Бұл кітап – Интернет пен оның төңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа көзқарас ұсынады.

            Шмидтың айтуынша, адамзат Интернетті өз қолымен жасаса да, оның табиғатын терең түсінбейді. Интернет —  адам өміріне керемет пайдалы құрал, бірақ оның зияны да айтарлықтай көп. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана. Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп, басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам Интернетке келеді.  Ал бұл жастардың болашағын бұзады…..

 

2-тапырма

Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз.

 

3-тапсырма

Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз.Хатта оқшау сөздерді қолданыңыз, тыныс белгілерін қойыңыз.Ыңғайлассалалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.

Жағдаят.

Сіз ата-анаңызбен бірге ұлттық аспаптар оркестрінің концертіне бардыңыз.

Концерт ұнады ма/ұнамады ма? Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

 

Білім алушы

 

Мәтіндегі деректерді қолданады.

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

 

 

 

1-2

мәтін мазмұнын баяндайды;

мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

негізгі деректерді белгілейді;

көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді;

суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сөйлейді;

сұрақтарға толық жауап береді.

1

1

1

1

1

1

 

 

Оқшау сөздердің тыныс белгісін қолданады 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

суреттерді пайдаланып, досына хат жазады;

1

 

 

оқшау сөздерді қолданады;

1

 

тыныс белгісін дұрыс қояды;

1

 

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді жазба жұмыстарда қолданады

 

ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

1

 

Барлығы

 

 

10

             

 

 

«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

 

Білім алушының аты-жөні_________________________________________

 

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

 

Мәтіндегі деректерді қолданады

Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

 

 

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну мен баяндауда, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, негізгі деректерді белгілеуде қиналады

Оқылған мәтін мазмұнын түсіну мен баяндауда, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, негізгі деректерді белгілеуде қателер жібереді

Оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, баяндайды, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды, негізгі деректерді белгілейді

Оқшау сөздердің тыныс белгісін қолданады 

 

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда, жазылымда оқшау сөздерді, тыныс белгілерін қолдануда қиналады

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда,

жазылымда жазылымда оқшау сөздерді, тыныс белгілерін қолдануда қателеседі

 

Суреттерді пайдаланып, досына хат жазады,

жазылымда оқшау сөздерді, тыныс белгілерді қолданады

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді жазба жұмыстарда қолданады

 

Жазылымда ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қиналады

 

Жазылымда ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қате жібереді

 

Жазылымда ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердіқолданады

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *