Бөлім «Компьютердің тілін табу – өнер»
Оқу мақсаты |
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау 5.4.4.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
|
||||||
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы · Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды · Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады
Білу және түсіну Қолдану |
||||||
|
|
||||||
Орындау уақыты |
15-20 минут |
||||||
1-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. |
|||||||
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады. Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген. Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай: — көздің көру қабілетін төмендетеді; — омыртқалардың қисаюына әкеледі; — жүйкеге салмақ түсіреді; — шаршағыштық, әлсіздік басады.
1. Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.
2. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
2-тапсырма Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тінтуір) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз.
|
Бағалау критерийі |
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды |
1 |
мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазады; 1-ақпарат 2-ақпарат |
1 1 |
мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен береді; |
1 |
||
Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады |
2 |
тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазады; |
1 1 1 |
хабарландыру жазудың талаптарын сақтайды. |
1 |
||
Барлығы |
7 |
«Компьютердің тілін табу – өнер»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні_________________________________________
Бағалау критерийі |
Оқу жетістігі деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
|
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды
|
Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қиналады |
Мәтіндегі бірінші, екінші маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қателіктер жібереді
|
Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жеткізеді, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен береді |
Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады
|
Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда,хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қиналады
|
Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда,хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қателіктер жібереді |
Хабарландыру мәтінін тапсырмаға сай жазады,хабарландыру жазудың талаптарын толық сақтайды
|