Бөлім «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
Оқу мақсаты |
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау 5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу 5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
|
|||||||||
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы · Мәтін тақырыбын анықтайды · Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады · Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды
Қолдану
|
|||||||||
Орындау уақыты |
15-20 минут |
|||||||||
1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз. |
||||||||||
_____________________
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп: – Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? — деді. – Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? — деді қырғауыл. – Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, — дейді түлкі. – Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, — деді қырғауыл. – Ей,достым,биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, — дейді түлкі. – Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, — деді қырғауыл. Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді. – Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе?- деді қырғауыл. – Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, — деген түлкінің даусы алыстан естілді.
2-тапсырма Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.
3-тапсырма Мәтіннен жалпы есімдерді (5 жалпы есім) теріп жазыңыз. _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
4-тапсырма Берілген тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз.
Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді,қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
Бағалау критерийі
|
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтін тақырыбын анықтайды
|
1 |
мәтінге ат қояды;
|
1 |
2 |
кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді; |
1 |
|
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды |
3 |
мәтіннен 5 жалпы есімді анықтайды; 1 жалпы есім 2 жалпы есім 3 жалпы есім 4 жалпы есім 5 жалпы есім |
1 1 1 1 1 |
Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
|
4 |
тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады;
|
1 |
жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады. |
1 |
||
Барлығы 9 |
«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі |
Оқу жетістігі деңгейі |
||
Төмен |
Орта |
Жоғары |
|
Мәтін тақырыбын анықтайды
|
Мәтінге сай ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қиналады
|
Мәтінге сай ат қоюда,кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қателіктер жібереді |
Мәтінге сай ат қояды,кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді |
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды |
Мәтіннен жалпы есімдерді ажыратуда қиналады |
Мәтіннен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жалпы есімдерді ажыратуда қателіктер жібереді
|
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды |
Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
|
Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда, жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қиналады |
Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда, жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қателеседі |
Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады, жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады |